Челгерд қаласынан 25 км жерде Шейх Әлихан ауылының жанында "Яхи Чама" деп аталатын ең сирек және ең ғажайып үңгірлердің бірі орналасқан. Оның іші мұз сүңгілерге толы. Үңгірдің ішіндегі мұздың астынан суық су сылдырлап ағып жатыр. Ол ақырында Куһранг бөгеніне құяды. Терең сайда бірнеше жылдық қардың жиналуы мұз сүңгілердің жылдың кез келген мезгілінде тұрақты сақталуына себеп болып отыр. "Яхи Чама" үңгіріндегі қалың қар көшпелі тайпаның жастары мен жасөспірімдерінің сауық-сайран құратын жеріне айналған. Мұнымен қоса, соңғы жылдарда елде жазғы шаңғы тебу жарысы да осы жерде өтеді. "Яхи Чама" үңгірі Иранның ең ірі тұщы су көзі ретінде танымал.
Мы используем cookie-файлы, чтобы улучшить сервисы для вас. Если ваш возраст менее 13 лет, настроить cookie-файлы должен ваш законный представитель. Больше информации
Нет комментариев