Осы акцияның мақсаты – оқуға тартылмаған балаларды анықтау, тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардың балалары мен жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға көмек беру.
Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасы Қазақ соқырлар қоғамынының Павлодар филиалы мен және Қазақстан Халықтық Коммунистік Партиясының Павлодар облысының өкілдерімен бірлесіп, ағымдағы жылдың 24 тамызында аталмыш акциясын дәстүрлі түрде өткізді. Акция аясында Қазақстан Халықтық Коммунистік Партиясының Павлодар облысының бірінші хатшысы Нугманова Гауhар Көкенқызының басшылығымен демеушілік көмек жасалып, зағип оқырмандардың отбасыларынан шыққан
балаларға мектепке арналған құрал-жабдықтар сыйға тартылды.
Бұл қайырымдылық шара балалардың және олардың ата – аналарының көңіл – күйін көтеріп өз мақсатына жетті.
Қайырымдылық көмегі үшін ата-аналар демеушілерге алғыстарын білдіріп, жемісті жұмыс тіледі.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев