Енді міне, сол өнімдердің бірімен таныстыра кеткіміз келіп отыр.
Қатық - көбіне қойдың, ешкі мен сиырдың қаймағы алынбаған сүтінен жасалады.
Қатықты әзірлеу үшін піскен сүтті қанжылым етіп салқындатады. Айраннан ұйытқы құйып араластырады. Бетін мықтап жауып, жылы жерге қояды. Жазда қатықтың ашу уақыты 2-3 сағат болса, қыста 4-5 сағатқа дейін жетеді. Дайын болған соң қатты шайқамай, бірден суық жерге қойып суыту керек.
Қатық жақсы, қою болса ата-бабаларымыз "шанышқы шаншысаң тік тұрады екен" деп қалжыңмен бағалаған. Осы қасиеті үшін оны “қатық” атаған деседі. Ал бабы болмаған қатықты адамдар "қатық емес, шалап екен" деп аспазға сын айтқан екен.
Түзде қарны қатты ашқан қазақ көже мен қатықты армандайды дейді. Бұл қатықтың аштықты тез басатын қасиетіне меңзейді.
Бұл өнімді халқымыз жақсы хабар әкелген мейманына ұсынады екен, содан халық арасында "айтқаның жатық болса, ішкенің қатық болады" деген мақал тараған😀.
Келесі қандай дәстүрлі сүт өнімі туралы білгіңіз келеді, комментарийге жазуларыңызды сұраймыз
Keshe, qurmettі oqyrmandar, sіzderden qazaqtyń qandaı dástúrlі sút ónіmderіn bіletіnderіńіzdі suraǵan edіk. Endі mіne, sol ónіmderdіń bіrіmen tanystyra ketkіmіz kelіp otyr.
Qatyq - kóbіne qoıdyń, eshkі men sıyrdyń qaımaǵy alynbaǵan sútіnen jasalady.
Qatyqty ázіrleý úshіn pіsken súttі qanjylym etіp salqyndatady. Aırannan uıytqy quıyp aralastyrady. Betіn myqtap jaýyp, jyly jerge qoıady. Jazda qatyqtyń ashý ýaqyty 2-3 saǵat bolsa, qysta 4-5 saǵatqa deıіn jetedі. Daıyn bolǵan soń qatty shaıqamaı, bіrden sýyq jerge qoıyp sýytý kerek.
Qatyq jaqsy, qoıý bolsa ata-babalarymyz "shanyshqy shanshysań tіk turady eken" dep qaljyńmen baǵalaǵan. Osy qasıetі úshіn ony “qatyq” ataǵan desedі. Al baby bolmaǵan qatyqty adamdar "qatyq emes, shalap eken" dep aspazǵa syn aıtqan eken.
Túzde qarny qatty ashqan qazaq kóje men qatyqty armandaıdy deıdі. Bul qatyqtyń ashtyqty tez basatyn qasıetіne meńzeıdі.
Bul ónіmdі halqymyz jaqsy habar ákelgen meımanyna usynady eken, sodan halyq arasynda "aıtqanyń jatyq bolsa, іshkenіń qatyq bolady" degen maqal taraǵan😀.
Dostaryńyzǵa repost jasańyzdar, bіle júrsіn😉
#қатық #qatiq #Natige #Нәтиже #СүтӨнімдері #Дәстүр
Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев