Сонда жатыр менде журген орындалмас бар арман.
Сенің жузің көкте куннен, жерде гулден нәр алған
Шашың сенің — жан баспаған жапандағы қара орман.
Қас-кірпігің қарлығаштың қанатындай қап-қара,
Улбіреген жузің сенің ақ жібек пе, мақта ма?!
Әсем-басың әп-әдемі, мусініңе шақ қана,
Шиедейін еріндерің қызарып тұр шоқтана.
Толықсыған тұла бойың шыбық па екен, тал ма екен,
Бейнең сенің баяу атқан жазғы шұғыла таң ба екен,
Кулкің сенің шашылған нұр, сөзің кәусар бал ма екен,
Бұл ғаламда сенен артық сірә біреу бар ма екен?!
Бұл ғаламда сенен артқан жан бар деуге сенбеймін,
Сен солайсың, Ләйлім менің, сенбе маған, сен мейлің.
Бұл ғаламда сенен артқан бір жан болса егерде,
Өз көзімді өзім оям, оны мәңгі көрмеймін.
Зәмзәм суы сенен арзан, тата алмаған кәусарым,
Сенің әсем мусініңді сөзбен қалай таусамын?!
Мың Мәжнун мендей, сірә, тебіренбеген шығар-ау,
Аппақ құсым, қайдасың сен? Аңсадым-ау, аңсадым...
1967-Жыл.
М Мақатаев
Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Комментарии 5