Не тыңдырдын 'басымды иемменен"?
Оңай сөз ғой,құрбым-ау, оңай сөз ғой
"Отан үшін өлемін, күйем " деген
Өлім деген ерліктін қорегі ме?
Өлмей-ақ қой , бос сөздің керегі не?
...Егер отан сыңсыған орман болса,
Жапырақ боп жармасқын терегіне.
Самалы бол Отанның салқылдаған,
Сандуғаш бол,сайратсын алтын далаң.
Семсері бол Отанның қанабында,
Сертке ұстаса,селт етпей жалтылдаған.
Шетсіз, шексіз , қиырсыз ұлы дала
Шуақ болып шашылмай жылына ма?
Суй Отанды!
Шынымен сүйіп өт те,
Гүл боп қадал ойына,қырына да.
"Жүз толғанып, күнінде мың ойлансам",
Ақ басты алып анаммен шырайласам.
Қалай оны сүйем деп айта аламын,
Бірге күліп,қуанып , мұңаймасам?!
...Оңай сөз ғой "Отанды сүйем" деген,
Іс тынбайды "жанамын , күйемменен..."
Өгей әке емес қой Отан деген,
Отанды мен атамдай иемдемем.
Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Комментарии 4