kz-тегі «Менің Банкім» бөлімінде кез келген уақытта өзіңіздің Автонесиеңіз бойынша ақпаратты көріп, банктік бөлімшесіне келмей-ақ ай сайынғы төлемді өтей аласыз.
«Несиелер» деген қосымша бетке кіріп, «Несие туралы ақпарат» дегенді таңдаңыз. Мұнда сіз төмендегі деректерді көре аласыз:
- несие сомасы, алынған күні және мерзімі
- пайыздық мөлшерлемелер
- мерзімінен бұрын өтеу үшін ең аз сома
- берешек сомасы
Kaspi.kz-те Автонесиені «Ай сайынғы төлем» қосымша бетінде өтеуге болады. Ай сайынғы төлем:
- кез келген валютадағы кез келген Kaspi Депозиттен (мерзімінен бұрын теңгедегі депозиттен ғана өтеуге болады)
- Kaspi Gold картасынан
- Kaspi Әмияннан жасалады.
Төлем жасалғаннан кейін сізге өтеу туралы растамамен SMS келеді.
Ақпаратты көру және төлемдер жасау үшін сізге тіркелу қажет. Бұл үшін сіздің ұялы телефоныңыз, Kaspi Bank-тің кез келген картасы немесе Шарттың нөмірі керек болады.
Автонесие туралы толығырақ мына жерден білуге болады: https://kaspi.kz/guide/auto_credit/
Kaspi.kz инновациялық компаниясының қолдауымен өтеді.
...Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев