Ол алматылықтар үшін дәстүрлі мерекеге айналды және Оңтүстік Астананың мәдени өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Алматының тамыры терең тарихы оның көрікті жерлерінен, ескерткіштері мен сәулетінен көрінеді. Мұнда көптеген іскерлік орталықтар, театрлар, мұражайлар, сурет галереялары, көрме залдары және заманауи ойын-сауық кешендері бар.
Көктемде қызыл кілемдей жайқалған қызғалдақтар көздің жауын алады; жазда кешкі салқын саябақтар мен гүл бақтарына серуенге шақырады; күз алтын жапырақтармен құлпырады; ал қыс шаңғы және коньки тебу мүмкіндігімен қуантады.
Алматының тауларының шексіз әсемдігі, қорық табиғатының бірегейлігі мақтан етуге тұтарлық және қорғалуы тиіс!
Біздің инфографикамыздан сүйікті қаламыз туралы қызықты деректер топтамасын табасыз.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев