Сізге не үшін осылай төлейтіні және оның қандай қаупі бар екені жөнінде ойланып көрдіңіз бе?
Әдетте жұмыс беруші өзінің жұмыскерлері үшін салық төлегісі келмегенде, еңбек заңнамасының нормаларын сақтауға құлқы болмаса, ол «көлеңкелі» жалақыны ұсынады. Шартта оның азғана бөлігі ғана көрсетіледі, ал қалғаны «конвертпен» беріледі.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сай жұмыс беруші бюджетке тиісті салықты төлеуге міндетті. Олай болмаған жағдайда оған айыппұл салынады, ал салық төлеуден жалтару қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.
Осындай талаптармен келіссе, жұмыскер өзінің заңды құқықтарын шектейді. Мысалы, зейнетақы жарнасын аударған кезде жұмыс беруші ресми жалақының 10%-ын шегереді. Ал ол аз болса, сәйкесінше зейнетақы да аз болады.
Сол сияқты бұл еңбек демалысына, еңбекке жарамсыз болған кезде төленетін төлемақыға немесе штатты қысқартқан кездегі өтемақыға да қатысты – шартта көрсетілген жалақыға сай оның да көлемі аз болады. Ал басшылықпен дау туындаған жағдайда, тіпті «конвертті» де алмай қалуыңыз мүмкін.
Сондықтан жұмысқа кірерде сізге осындай «ұсыныс» жасалса, одан бас тартыңыз және еңбек шартына қол қоймай тұрып, жұмысқа кіріспеңіз. Шартта еңбекақы мөлшері, еңбек жағдайлары көрсетілуі керек. Жұмыс берушінің мөрі қойылған екінші данасын міндетті түрде өзіңізде сақтаңыз.
Қазіргі кезде банктер ұсынатын жалақылық жобалар бар, әдетте компанияларға осындай жүйе бойынша жұмыс істеген ыңғайлы, өйткені бұл қызмет көрсету бойынша тиімді тарифтерді ұсынады, жалақы төлеу үрдісін автоматтандырады. Мұндай жүйе болмаған жағдайда, бұл туралы өзіңіздің басшыларыңызға айтыңыз. Әрекеттеріңіз нәтиже бермесе, алаңдаудың қажеті жоқ. Сіз картаны өз бетіңізше аша аласыз.
Қаражатыңызды қауіпсіздендіргіңіз келсе, Kaspi Gold картасын таңдаңыз. Оның арқасында сіз жиналған ақшаны қадағалап отырасыз, сайтта немесе ұялы қосымшада кез келген уақытта ақша аудара аласыз. Оның үстіне картамен сауда жасағанда, сіз бонус жинай аласыз, ал оны коммуналдық қызмет ақысын төлеуге жұмсауға болады.
Картаның басқа да артықшылықтары туралы толығырақ мына жерден білуге болады: https://kaspi.kz/guide/gold/
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев