Той шығынының есебін шығару – дайындалудың ең маңызды әрі күрделі бөлігі. Біз болашақ жас жұбайлар үшін осы үрдісті әлдеқайда жеңілдететін бірнеше кеңес таңдап алдық!
Жоспарлау
Тойды демалыс күні жасау міндетті емес. Егер тойдың күнін жазғы қызу маусымда емес және жарты жыл бұрын жоспарласаңыз, той шығынын елеулі түрде азайтуға болады. Өз достарыңыз бен жақындарыңыз анық келе алуы үшін оларға алдын ала ескертіп қойыңыз.
Қажетті соманы алдын ала жинап қойған дұрыс. Жалақыңыздың бір бөлігін Kaspi Депозитке ай сайын сала отырып, сіз келешектегі сән-салтанатқа қомақты соманы жинай аласыз. Сондай-ақ ақшаны неге басым жұмсау керектігін міндетті түрде анықтап алыңыз, өйткені дұрыс логистика қаражатыңызды ғана емес, уақытыңызды да жақсы үнемдейді.
Мейрамхана немесе той алаңы
Балама нұсқаларды қарастырыңыз: қазір тойды ашық аспан аясында ұйымдастыру трендте. Мерекені ашық аспан аясында белгілі бір тау баурайында өткізуге немесе қала сыртындағы әдемі жерде орналасқан коттеджді жалдауға және кейтеринг қызметін (көшпелі мейрамхана мен кафе) пайдалануға болады. Мұндай компаниялардан тек ыстық тамаққа ғана емес, сондай-ақ ыдыс-аяққа, құрал-сайманға және даяшылардың қызметіне тапсырыс беруіңізге болады. Ішімдікті, сусындар мен жемісті және тәтті тағамдарды өзіңіз көтермелеп сататын дүкендерден сатып ала аласыз және осы жерден елеулі ақша үнемдеуге болады. Kaspi Gold картасымен төлеп, Бонус алуды ұмытпаңыз. Өйткені жиналған Бонустармен үйлену тойы саяхатына баратын әуе билетінің құнын өтеуге болады.
Сонда да сіз үйлену тойын мейрамханада жасағыңыз келсе, клиенттерді енді жинай бастаған жаңа мейрамхана кешенін табуға тырысып көрген жөн. Бұл жерде жеңілдік жасау туралы келісу жеңіл болады.
Той көйлегі
Той көйлегін және костюмді таңдай отырып, оларды сатып алуға кететін барлық сомамен бірден қоштасу міндетті емес! Kaspi Red клубы арқылы сіз көңіліңізден шыққан той киімін үш айға бөліп төлеу комиссиясыз және артық төлемсіз сатып ала аласыз. Өз той киіміңізді табуға болатын серіктестердің дүкендерінің саны толассыз көбеюде.
Безендіру
Безендіру әрқашан сән-салтанаттың таза ауада немесе үй-жайда өткеніне қарамастан талап етіледі. Бүкіл мерекенің бейнесі барлық ұсақ-түйектен құралады және мұндай сәтте декор бойынша кез келген шешім құпталады. Біз ең трендтегі және сонымен бірге үнемді тәсіл – қағазбен безендіруді ұсынамыз. Көлемді декоративті гүлдер кеңістікті стильді әрі назды етеді. Достарыңызды немесе туыстарыңызды жинап, олардан той-думан өтетін орынды креативті безендіруге көмектесуін сұраңыз.
Музыка
Жақсы музыка – қонақтардың керемет көңіл күйінің кепілі. Мүмкін достарыңыздың арасында талантты орындаушылар бар шығар. Музыка репертуарын өз бетінше құруыңызға және мекеменің аппаратурасын пайдалануға немесе жалға алуға болады. Үлкендер мен достарыңыздың жақсы бағасын алатын композицияларды таңдаудың маңызды екені есіңізде болсын.
Фотограф және бейнеоператор
Кәсіби қызметін жаңа бастаған фотограф пен операторды табуға тырысыңыз. Олардың жұмысы арзанырақ, сондай-ақ жұмысының сапасы да әйгілі әріптестерінен кем болмауы мүмкін. Ал егер сізге одан да үнемді жолы керек болса, бұл рольді достарыңыздың немесе туыстарыңыздың біріне беріңіз. Жақсы фотоаппаратты Kaspi.kz-тегі Магазинде қазір сатып алып, ал ақысын кейін шағын бөліктермен төлеуге болады.
Асаба, фото және бейнеоператор, музыкалық аппаратура қызметінің ақысын төлеу үшін Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы «Аударымдар» сервисін пайдаланыңыз. Осы күні рахаттанып, қолма-қол ақша үшін уайымдамауыңызға жағдай жасаңыз.
Үйлену тойы есте қалу керек, өйткені бұл жанға жайлы істерден тұратын маңызды оқиға. Шағын бюджетті үйлену тойының артықшылығы – көмек қолын созуға келген достар мен туыстарды біріктіреді, сондай-ақ ерекше үйлену тойын өткізуге көмектесетін соны идеяларды жүзеге асыруыңызға түрткі болады.
Kaspi сервистері жоспарларыңыз мен арманыңызды жүзеге асыруға және сүйікті клиенттердің өмірін жеңіл әрі қолайлы етуге құрылған.
Kaspi.kz Вячеслав Ким и Михаил Ломтадзе перечислят 20 миллиардов тенге для помощи казахстанцам, пострадавшим при паводках.
...Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев