Сіз есеп жүргізілетін формуланы инфографикамыздан көре аласыз. Сондай-ақ депозитті айдың ортасында толықтырған жағдайда сыйақының қалай есептелетініне мысал келтіреміз. Ақшаны ішінара алған жағдайда да осы формуламен есептеледі.
Назар аударыңыз: мысалда біз шыққан нәтижелерді бүтін санға арнайы айналдырып отырдық, өйткені бірінші кезекте есептеу принципін көрсеткіміз келді. Есептеудің нақты мәндері мысалда келтірілгеннен кішкене (бір теңгенің бөлшек санына) өзгеше болуы мүмкін.
Енді төмендегінің басын ашып алайық, егер есеп тек номиналды мөлшерлеме бойынша есептелсе, не үшін тиімді мөлшерлеме дейміз?
Тиімді мөлшерлеме — бұл номиналды мөлшерлеме + капиталдандыру сомасы, ол тек салымыңыздың сомасына ғана емес, сондай-ақ банктің есептеген пайызының сомасына сыйақы есептеу есебінен алынады.
Егер, біздің мысалымыздағыдай, 100 000 теңге сомасына депозит ашсаңыз, онда бірінші ай үшін формула бойынша 950 теңге есептеледі. Ал келесі айда сыйақы есептеу үшін депозитіңіздің сомасына есептелген сыйақы қосылатын болады.
Сонымен, бір жылда 100 000 теңгеге 12 000 теңге есептеледі, бұл 12 % жылдық тиімді мөлшерлемені құрайды.
Kaspi Депозит туралы толығырақ осы жерден білуге болады: kaspi.kz/guide/deposit .
Kaspi Депозит — жинақ ақшаны сақтаудың әрі көбейтудің ең ыңғайлы тәсілі!
Kaspi.kz инновациялық компаниясының қолдауымен өтеді.
...Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев