Біреулердің тәжірибесі жетпей, біреулер автомобилін ауыстырып жатады.
Нәтижесінде көлікті қою және машиналардың ағынындағы қозғалыс жүргізушіде әрдайым қорқыныш тудырады және бұл жолым болды дегенде «темір тұлпардың» бортындағы сызатты жоюмен аяқталады. Машинаны өз денеңіздің жалғасы деп сезіну үшін уақыт керек. Бірақ төмендегі кеңестерді пайдаланып, бұл процесті тездетуге болады.
А̲л̲д̲ы̲ң̲ғ̲ы̲ ̲б̲ө̲л̲і̲г̲і̲
• капоттың алдыңғы шетін іздеп мойныңызды созбаңыз. Орындықты алдыңыз барынша жақсы көрінетіндей етіп жоғары орналастырыңыз;
• капоттың шетіне автомобильдің аяқшасы бар белгісін (мерседестікі сияқты) немесе антенна орнатыңыз;
• бампердің арғы жағындағы нәрсені көруге тырыспаңыз. Тек қана алдыңызға қарауыңыз керек.
А̲р̲т̲қ̲ы̲ ̲б̲ө̲л̲і̲г̲і̲
• хэтчбек жүргізушілері үшін бағдар алатын нәрсе – артқы терезенің тазалағышы, седан жүргізушілері үшін – антенна;
• алысты көрсететін айнаны автомобильдің артқы дөңгелегін көрсететіндей етіп баптаңыз. Осы айналар, дәлірек айтқанда, олардың шеттері машинаның бүйірінің көлемін көрсетеді.
Е̲р̲к̲і̲н̲ ̲а̲л̲а̲ң̲д̲а̲ ̲ж̲а̲т̲т̲ы̲ғ̲ы̲ң̲ы̲з̲
• Белгі болатын нәрселерді дайындаңыз. Бұл құм салынған және ішіне ұзын сырық салынған пластик бөтелкелер немесе «мыжылған» бөтелкелер болуы мүмкін. Мақсатыңыз – жақынырақ бару, бірақ оларды қағып кетпеу. Жаттығып көріңіз: жақынырақ барып, алыстаңыз және машинадан шықпай арақашықтыққа назар аударыңыз.
Т̲ы̲ғ̲ы̲з̲ ̲а̲ғ̲ы̲н̲ ̲л̲е̲г̲і̲н̲д̲е̲г̲і̲ ̲л̲а̲й̲ф̲х̲а̲к̲
Егер артыңызда келе жатқан автомобиль бүйір айнасынан тұтастай көрінсе, қайта сап түзуге болады. Егер көліктің тек бір бөлігі ғана көрінсе, кішкене алға қарай жүріп, содан соң барып қайта сап түзу керек.
***
Егер сіз жаңа автомобиль сатып алу туралы ойланып жүрсеңіз, Kaspi оны сатып алуыңызға көмектеседі! Өтінім беріп, Автонесие бойынша шешімді алуға 15 минут кетеді. Ал машинаны сіз келесі күні-ақ алып кете аласыз!
Бұл үшін автосалондардағы Kaspi Bank-тің менеджеріне жолығып, Жаңа көлікті несиеге алуға өтінім беріңіз: https://goo.gl/509flA .
Саудаңыз сәтті болсын! Жортқанда жолыңыз болсын!
Kaspi.kz Вячеслав Ким и Михаил Ломтадзе перечислят 20 миллиардов тенге для помощи казахстанцам, пострадавшим при паводках.
...Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев