Клиенттеріміз үшін арнайы біз маңызды 5 сұраққа жауап дайындадық:
1̲.̲ ̲О̲н̲ы̲ң̲ ̲м̲а̲ғ̲а̲н̲ ̲қ̲а̲н̲д̲а̲й̲ ̲қ̲а̲т̲ы̲с̲ы̲ ̲б̲а̲р̲?̲
2017 жылғы 1 наурыздан бастап сіз 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік купюралармен төлем жасай алмайсыз.
2̲.̲ ̲Н̲е̲ ̲і̲с̲т̲е̲у̲і̲м̲ ̲к̲е̲р̲е̲к̲?̲
2017 жылғы 1 наурыздан бастап 2018 жылғы 28 ақпанға дейінгі кезеңде ҚР кез келген банкте банкнотты айырбастауыңыз керек. Бұл үшін Сізге бөлімшенің кассасына бару керек.
Осы кезеңнен кейін қалып қойған 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 тг банкноттардың барлығы 2021 жылғы 28 ақпанға дейін ҚР Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында айырбастауға қабылданатын болады. 2021 жылғы 1 наурыздан бастап номиналы 1000 тг банкноттар жарамсыз болады.
3̲.̲ ̲К̲а̲с̲с̲а̲д̲а̲ ̲н̲е̲м̲е̲с̲е̲ ̲ө̲з̲д̲і̲г̲і̲н̲е̲н̲ ̲қ̲ы̲з̲м̲е̲т̲ ̲к̲ө̲р̲с̲е̲т̲е̲т̲і̲н̲ ̲т̲е̲р̲м̲и̲н̲а̲л̲д̲а̲р̲д̲а̲ ̲2̲0̲0̲6̲ ̲ж̲.̲ ̲ү̲л̲г̲і̲д̲е̲г̲і̲ ̲н̲о̲м̲и̲н̲а̲л̲ы̲ ̲1̲0̲0̲0̲ ̲т̲е̲ң̲г̲е̲л̲і̲к̲ ̲б̲а̲н̲к̲н̲о̲т̲т̲а̲р̲м̲е̲н̲ ̲б̲а̲н̲к̲ ̲о̲п̲е̲р̲а̲ц̲и̲я̲л̲а̲р̲ы̲н̲ ̲ж̲ү̲р̲г̲і̲з̲е̲ ̲а̲л̲а̲м̲ы̲н̲ ̲б̲а̲?̲
Иә. 2018 жылғы 28 ақпанға дейін сіз кез келген банк операциясын жүргізу үшін купюраны алдан ала айырбастап, касса немесе өздігінен қызмет көрсететін терминалдар арқылы сала аласыз.
4̲.̲ ̲А̲л̲ ̲о̲д̲а̲н̲ ̲к̲е̲й̲і̲н̲?̲
2018 жылғы 1 наурыздан бастап сіз бұл банкнотты банктік операциялар үшін пайдалана алмайсыз, өйткені ол ақша айналымынан алынып тасталады. Сізге бұл (2006 жылғы) банкнотты ҚР Ұлттық Банкінің кез келген филиалында басқа жылы шыққан банкнотқа айырбастау керек.
5̲.̲ ̲М̲е̲н̲ ̲е̲с̲к̲і̲ ̲к̲у̲п̲ю̲р̲а̲н̲ы̲ ̲ж̲а̲ң̲а̲с̲ы̲н̲а̲н̲ ̲қ̲а̲л̲а̲й̲ ̲а̲ж̲ы̲р̲а̲т̲а̲ ̲а̲л̲а̲м̲ы̲н̲?̲
2006 жылғы үлгідегі 1000 теңгелік купюраларда алақан бейнеленген. Арнайы сіздер үшін біз жаңа және ескі купюраларды салыстырдық. Жаднама ретінде төмендегі суреттерді сақтап қойыңыз.
Kaspi.kz жизнь становится на порядок легче!
...Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Комментарии 1