Әсіресе, егер техникалық немесе кәсіби материал – зеріктіретін, жалықтыратын, дегенмен өте маңызды болған жағдайда, пайдасы зор.
Бүгін біз жылдам оқу жайлы 6 негізгі кеңесті айтамыз, оның ішінде қысқа мерзімде жүздеген бетті құраған мәтіндерді қалай еңсеруді, басты мәліметті ұғына білуді және бір шыны кофемен демалып үлгеруді үйретеміз.
Кітаптарды бірінің артынан бірін оқуға дайынсыз ба?
1̲.̲ ̲Д̲а̲у̲ы̲с̲т̲а̲п̲ ̲о̲қ̲у̲д̲ы̲ ̲д̲о̲ғ̲а̲р̲ы̲ң̲ы̲з̲
Оқып жатқанды дауыстап оқу әдетінен арылу әлдеқайда қиын (балалық шақтан қалған әдет!), бірақ арылу қажет – бұл сіздің алтын уақытыңызды алады. Оқу барысында мұрныңыздың астынан сөйлеп, сағыз шайнап немесе әрқашан «1,2,3,4» деп санап көріңіз. Сонда сіз көмеймен емес, көзбен оқуды үйренесіз және ерте ме, кеш пе, әйтеуір дауыстап оқуды қоясыз.
2̲.̲ ̲I̲’̲l̲l̲ ̲n̲o̲t̲ ̲b̲e̲ ̲b̲a̲c̲k̲!̲
Әдетте кейбір ойды қайта-қайта оқып, белгілі бір сөздерге ден қою - бізге тән қасиет. Өзіңізді әрқашан алға ұмтылуға үйретіңіз. Бұл қиынға соқса, оқылған мәтінді жауып отыру үшін кітаптың қағаздан жасалған белгі бауын немесе алақаныңызды пайдаланыңыз.
3̲.̲ ̲М̲ә̲т̲і̲н̲д̲і̲ ̲қ̲а̲д̲а̲ғ̲а̲л̲а̲й̲ ̲б̲і̲л̲і̲ң̲і̲з̲
Мектепте мәтінді оқи отырып, саусағыңызбен/қаламмен жүргізіп отырған сәттеріңіз есіңізде ме? Бұл тәсіл осы жайлы, оның үстіне расында да оқуды жылдамдатады.
4̲.̲ ̲Э̲л̲е̲к̲т̲р̲о̲н̲д̲ы̲қ̲ ̲м̲ә̲т̲і̲н̲д̲і̲ ̲о̲қ̲ы̲ң̲ы̲з̲
Электрондық нұсқадағы кітаптар жылдам оқылады, себебі қолданушы өзіне ыңғайлы қаріп пен қаріп көлемін орната алады. Бұл – жылдам оқудың тиімді үлгісін жасаудың негізгі көзі.
5̲.̲ ̲Ж̲о̲р̲а̲м̲а̲л̲д̲а̲ң̲ы̲з̲
Мәтінде артық: қыстырма сөздер, одағай және қайталанатын сөз тіркестері көптеп кездеседі – бұл сөздерге мән бермеу керек. Бұл жағдайда тармақтың соңын кітаптың қағаздан жасалған белгі бауымен жауып, бұдан әрі не жайлы жазылғанын ойша жорамалдаңыз. Бұл тәсіл логикаңызды және елестету қабілетіңізді арттырады.
6̲.̲ ̲А̲л̲д̲ы̲н̲ ̲а̲л̲а̲ ̲б̲і̲л̲і̲ң̲і̲з̲
Оқуға кіріспес бұрын – кітаптың мазмұнын қарап, оқуды бастауда стратегиялық маңызды жерлерін анықтап алыңыз. Оқитын мәтініңіздің құрылымын ұғына білу пайдалы. Нақтырақ айтқанда: «Ескертілген, демек қаруланған».
Сондай-ақ тәсілдерді бөлек ретпен орындаңыз. Мәселен, егер сіз жылдам оқуға жаттығып жүрсеңіз, мәтінді түсінуге тырыспаңыз. Әр нәрсе өз уақытымен.
Жылдам оқу техникасымен таныстық, ал енді кітаптың өзіне келсек қалай болады? Егер Сіз кітап оқуда алдыңызға жан салмайтын болсаңыз және электронық кітапты сатып алуды жоспарлап жүрсеңіз, демек қазір Kaspi.kz-тегі Магазин арқылы пікірлерді оқып, бағаларды салыстырып, өзіңізге тиімді ұсынысты таңдауға қолайлы уақыт: https://kaspi.kz/shop/c/ebooks/ Ал өзіңізге жаңа «электрондық досыңызды» сатып алу үшін, өзіңізге ыңғайлысына қарай – бөліп төлеу арқылы несиеге немесе қолма-қол төлем жасау арқылы сатып алсаңыз болады.
Оқуды әдетте айналдырыңыз!
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев