». Түбіртектер дестесін алып, банктің бөлімшесіндегі кассаға баруға тура келеді. Егер бөлімше үйден жарты сағат жаяу жүретін жерде болса жақсы, жолым болды деп айта аласыз. Ал қыстың күні жол тайғақ кезде жолыңыз 10 минутқа ұзарып, құлап қалуыңыз да мүмкін.
Банкке жету – бұл тек жарты істің біткені. Кезекте бір-бір жарым сағат тұруға тура келеді. Егер банктің бөлімшесіндегі арнайы терминал арқылы төлесеңіз, тезірек болады. Соның өзінде алдыңызда 2-3 адам тұрады.
Сонымен шоттарды төлеуге бірнеше сағат уақыт кетеді: сол уақытта түскі асты дайындап, жаттығуға немесе курсқа баруға, тіпті қыдыруға немесе кітап оқуға болар еді. Ал біз осы уақытты құр босқа жоғалтамыз.
Десет те, егер шоттарды интернет арқылы төлейтін болсақ, осы қиындықтардан құтылуға болады. Kaspi.kz-те коммуналдық қызмет ақысын төлеуге 5–10 минут кетеді. Мұнымен үйде ноутбукты алдыңызға алып, шай ішіп отырып, тіпті жұмыстан үйіңізге келе жатып кептелісте тұрғанда айналысуға болады.
Қалтаңыздағы қағаздар дестесі туралы ұмытсаңыз болады: көбіне ақы төлеу үшін жеке шотыңыздың нөмірін ғана білсеңіз болды. Анаңыз немесе іссапарда жүрген ағаңыз үшін де коммуналдық қызмет ақысын төлеп, ақы төленгені туралы түбіртекті басып шығаруға немесе электрондық поштасына жіберуге болады.
Kaspi.kz-те Kaspi карталарынан, Kaspi Депозитінен теңгемен, басқа банктердің Visa немесе Mastercard карталарынан, сондай-ақ Kaspi әмияннан төлеу сияқты қызмет ақысын төлеудің бірнеше нұсқалары бар.
Kaspi.kz-те ақы төлеген кезде ешқашан комиссия ұсталмайды. Керісінше 450 қызметтің кез келгенінің, тіпті сол коммуналдық қызмет ақысын төлеуге жұмсауға болатын Бонустар түседі. Олармен шотты толық немесе ішінара төлеп, өз ақшаңызды үнемдеуге болады. https://kaspi.kz/pay сайтына кіріп, тексеріп көріңіздер!
Kaspi.kz Вячеслав Ким и Михаил Ломтадзе перечислят 20 миллиардов тенге для помощи казахстанцам, пострадавшим при паводках.
...Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев