Мамандар өз клиенттерінің жүз мыңдаған жеке істерін талдап шыққан, содан кейін полистің құнын енді туған күнді негізге ала отырып есептесе қалай деп те ойланған. Олардан айырмашылығы, егер автомобиль сатып алғыңыз келсе, Kaspi үшін жұлдыз жорамал бойынша кім екеніңіз маңызды емес. Біз жұлдыздардың қалай орналасқанына қарамастан, автонесиелеу бойынша тиімді талаптар ұсынамыз. Дәл қазір онлайн-өтінім жіберіңіз де, ертең-ақ жаңа машинаңыздың кілтін алыңыз!
• жаңа көліктер үшін - http://goo.gl/JLKU1S • айдалған көліктер үшін - http://goo.gl/IrpEz2 Ал әзірше біз сіздермен астрологиялық зерттеулердің нәтижесімен бөлісейік!
Егіздер – оларға шалт мінезділік және көлікті агрессиялы түрде жүргізу тән, алайда шапшаң әрекет ету жылдамдығымен ерекшеленеді.
Суқұйғыш – бостандық сүйгіш жүргізушілер, олар көлікпен жылдам жүргенді ұнатады. Бәлкім, дәл осы себептен болар, олардың арасында байкерлер көп.
Тоқты – құмарпаз жүргізушілер, олар көлікті жарысып жүргізгенді жақсы көреді, бұл ретте машинаны епті әрі сенімді түрде басқарады.
Тауешкі – қыңыр әрі өзіне сенімді жүргізушілер, олар межелі орынға барынша тез жетуге тырысады, есесіне ешқашан кешікпейді.
Сарышаян – адреналинге құмарлық оларды үнемі тәуекел мен авантюраға итермелейді, бірақ сонымен қатар сарышаян жолдағы жағдайды оңай бақылайды, әрбір ережені біледі және тежеу жолының арақашықтығын лезде анықтай алады.
Балық – рульде «босаңсуды» жақсы көреді. Арманшыл, ешқайда асықпайды, жаяу жүргіншілер мен басқа жүргізушілерді сыпайы түрде өткізіп жібереді, есесіне әрқашан кептелісте тұрғанда немен айналысу керек екенін біледі.
Таразы – ең салмақты адамдар болып саналады, алайда олардың көлік жүргізу мәнері көңіл күйіне байланысты. Сабырлылық кенеттен күтпеген әрекетке ауысуы мүмкін, сол кезде олар қисынсыз тәуекелге барады.
Торпақ – рационалды әрі қолайлы әрекет етуші, бірақ біршама қыңыр. Нағыз Торпақтар әрдайым машинасына ұқыпты қарайды және әр бөлшегін күтіп ұстайды.
Мерген – табиғатынан жиһанкез. Жақсы жүргізушілер, тығыз қозғалыс кезінде желікпе жүрісті кәсіпқойларға қалдырған дұрыс екенін анық біледі.
Арыстан – жылдамдықты жақсы көреді, бірақ асығып айдамайды, елдің сүйініші мен таңданысын тудырып, аса епті тәсілдер қолданғанды ұнатады.
Шаян – «асықпаған арбамен қоян алар» деген қағиданы нық ұстанады. Көлікті белгіленген орындарға ғана – тұраққа қойғанды ұнатады, қауіпсіздік белдігі мен құтқару жастығын жөн көреді.
Бикеш – заңды сақтағыш, қызыл жанғанда ешқашан жүрмейді, әрдайым жылдамдықты дұрыс сақтаушылар және әрбір шалшықты айналып өтеді.
Kaspi.kz жизнь становится на порядок легче!
...Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев