Kaspi.kz АҚШ-тағы NASDAQ биржасында IPO өткізді.
Онда Apple, Amazon және Google сияқты әйгілі инновациялық компаниялар бар. Kaspi.kz-тің IPO-сы - өткен жылдың қазан айынан бастап АҚШ-тағы ең ірі, 2024 жылы алғашқылардың бірі.
Kaspi.kz-тің негізін қалаушы әрі басшысы Михаил Ломтадзе:
«Нью-Йорктің орталығында Times Square-де Қазақстанның үлкен байрағы желбіреп тұрғандағы мақтанышқа толы сезімді сөзбен жеткізу қиын. Бірге Қазақстанды жаңа деңгейге көтердік, елімізді инновациялардың әлемдік картасына қойдық, әлем бойынша көптеген компаниялар мен инвесторларға үлгі болдық. Kaspi.kz-тің дамуының жаңа кезеңі басталды. Енді еліміздің алдында жауапкершілігіміз зор. Сүйікті клиенттеріміз бен серіктестерімізге рақмет! Бізді жаңа жетістіктерге шабыттандыра түсіңіздер. Біз өміріңізді жақсартатын инновациялық сервистерді жасай беретінімізге, Қазақстанның дамуына үлесімізді қосуға уәде береміз!» - деді. Kaspi.kz негізін қалаушы әрі директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким:
«Kaspi.kz-тің тарихы Қазақстанмен, елімізде тұратын, жұмыс істейтін адамдармен тығыз байланысты. АҚШ-тағы IPO-да инвесторларға Қазақстан жайлы, еліміздегі цифрландырудың жетістіктері туралы айттық. Көптеген ірі инвесторлар Қазақстанда цифрландырудың керемет жетістіктерін бақылауда, ол мемлекеттің бастамасымен, қолдауымен жүзеге асырылуда. Kaspi.kz-тің IPO-сы – халықаралық инвесторлар үшін Қазақстанға, қазақстандық компанияларға инвестиция салудың бір белгісі!» - деді.
Кэрен Сноу, Head of Global Listings:
« Kaspi.kz Қазақстанда Алматыда 17 жыл бұрын құрылған сәттен адамдардың өмірін жақсартуды миссиясына айналдырып, цифрландыруға зор үлес қосты.
Үздік Kaspi.kz қосымшасы электрондық коммерция, саяхат, азық-түлік, төлемдер, QR-код бойынша төлем, мемлекеттік қызметтер сервистерін ұсынып, Қазақстандағы адамдардың күнделікті өмірінің бөлігіне айналды. Оның әлемдегі басқа танымал қосымшалармен салыстырғанда қатыстылық көрсеткіштері жоғары.
Командаңызды құттықтаймыз! NASDAQ Kaspi.kz-тің серіктесі болғанын мақтан тұтады, АҚШ-та толыққанды IPO жасаған Қазақстаннан келген тұңғыш компанияны қошеметпен қарсы алады».
Kaspi.kz , пока кто-то не заберет их домой.
...Kaspi.kz инновациялық компаниясының қолдауымен өтеді.
...Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев