Ол үш жылдан астам уақыт бойы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде кеңесші болып жұмыс істейді. Осы мерзім ішінде ол 1000-нан астам депозит ашты. Дәриғаның көмегі арқасында 50-ден астам жерлестері Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің бағдарламалары арқылы өз баспанасына қол жеткізді. Осы жылдың қаңтар айында ол жұмысында жеткен жетістіктері үшін «Best Seller» дипломымен марапатталды.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кеңесшісі болу жөніндегі шешімді Дәриға 2016 жылы қабылдайды. Ол бұрынғы жұмысында банк бөлімшесіне барып, депозит ашуға қолы тимегендіктен, банк кеңесшісін үйіне шақырады.
«Үйіме келген банк қызметкері маған тұрғын үй бағдарламалары мен депозит түрлері жайында көптеген ақпарат берді. Барлығын жетік түсіну үшін, оған пәтерді қалай алуға болатындығы туралы әртүрлі сұрақтарды қоя бастадым. Шамасы, менің қызығушылығым оған ұнаған болар, ол маған банктің кеңесшісі болуды ұсынды. Мен үшін бұл күтпеген ұсыныс болғанымен, қуана келістім. Сөйтіп, банк бөлімшесіне жұмысқа қабылдау туралы өтініш беріп, кеңесшінің оқуын оқыдым, содан тест тапсырып, қазір осында жұмыс істеп жатырмын. Банк жүйесінің қалай жұмыс істейтініне көз жеткізе отырып, мен өз пәтеріме де қол жеткіздім», - дейді Дәриға. Оның айтуынша, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ел тұрғындарының баспаналы болуына барынша жағдай жасауда. Ал банк кеңесшілері клиенттердің тұрғын үйге қатысты барлық сұрақтарына жауап беріп, әруақытта көмекке келуге дайын.
«Өз баспанасына қол жеткізген жаңа қоныс иелерінің қуанышын көргенде, көңілің көтеріледі. Осындай қуаныш сәттердің көп болуы үшін, біз кеңес алуға келген әрбір клиентке жеке қызмет түрін көрсетіп, қажетті ақпараттың барлығын беруге тырысамыз», - дейді Дәриға.
Егер сіз Ақтөбеде тұрсаңыз және өз пәтеріңізді сатып алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде қалай қаражат жинақтау керектігін білгіңіз келсе, онда 87764763444 ұялы телефонына хабарласыңыз. Дәриға Бекетова сізді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап береді.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев