Мен 2-сыныпта оқып жүрген кезім. Сабақтан шыққан бетте сыныптасым Зейнеп жаныма келіп:
— Бүгін менің туған күнім! Сағат үште кел! – деді қуана.
Мен бірден қуанып кеттім. Үйге жеткенше асығып, анама айтып, рұқсат алдым. Үстіме таза көйлегімді киіп, кішкентай сыйлығымды алып, Зейнептің үйіне қарай жүгірдім.
Сыныптан бірнеше қыз келген екен. Тығылмақ ойнадық, доп тептік, біраз күлкіге қарық болдық. Сол кезде сырттан Зейнептің атасы кіріп келді. Қолында сетка — ішінде 2 банка компот екен.
Әркімге бір кеседен құйып берді, компотпен бірге нан қойды. Бірақ бәріміздің көңіліміз шат-шадыман еді.
Зейнеп 3 сыныпта басқа қалаға көшіп кетті, себебі атасының үйінде бір жыл ғана болғаны, әке-шешесі айырылысқанның себебінен екен...
Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев