СҚО-да ПОЛИЦЕЙЛЕР СТУДЕНТТЕРГЕ ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТҮСІНДІРДІ
В СКО ПОЛИЦЕЙСКИЕ РАЗЪЯСНИЛИ СТУДЕНТАМ ИЗМЕНЕНИЯ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВА ОБ ИНТЕРНЕТ-МОШЕННИЧЕСТВЕ
✅ Интернет-алаяқтыққа қатысқандар қандай жауапкершілікке тартылады? Осы және басқа да маңызды мәліметтерді Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері өткен семинар барысында білді. Жиынға СҚО ПД киберқылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері, банк секторының өкілдері және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мамандары қатысты.
Аудиторияда — 1-2 курс оқитын шамамен 300 студент. Қонақтар қылмыскерлер қолданатын негізгі схемалар мен заманауи технологиялар жайында айтты. Полицейлер түсіндіргендей, 16 қыркүйектен бастап ҚР Қылмыстық кодексіне жәбірленушілерден түскен ақшаны алаяқтарға жеткізу үшін өз төлем құралдарын пайдалануға беруді — яғни дропперлікті — қылмыстық жауапкершілікке тарту нормасы енгізілді.
Интернет-алаяқтар дроптарды көбіне әлеуметтік желілер арқылы тартады. «Жеңіл табыс» уәдесіне әсіресе студенттер жиі алданып жатады. Бұған дейін дропперлер тек азаматтық тәртіпте ғана жауапқа тартылатын. Енді мұндай іс-әрекет қашықтан жасалатын алаяқтыққа қатысудың қылмыстық түрі болып саналады. ҚР ҚК-нің 232-1-бабына сәйкес, ол үшін ірі айыппұлдан бастап 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
СҚУ студенттермен жұмыс департаментінің қызметкері Игорь Семёнов мұндай шаралардың жастар үшін маңызы зор екенін атап өтті. Интернет-алаяқтықтың алдын алу — «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында полицияның негізгі міндеттерінің бірі.
✅ Что грозит соучастникам интернет-мошенничества? Эти и другие полезные сведения почерпнули студенты Северо-Казахстанского университета в ходе семинара, на котором присутствовали сотрудники управления по противодействию киберпреступности ДП СКО, представители банковского сектора и агентства по регулированию и развитию финансового рынка РК.
В аудитории — около 300 студентов 1 и 2 курсов. Гости рассказали им об основных схемах, использовании преступниками современных технологий. Полицейские разъяснили, что с 16 сентября в Уголовный кодекс РК введена ответственность за предоставление своих платёжных инструментов для переправки денег от потерпевших к мошенникам — так называемое дропперство.
Интернет-аферисты обычно вербуют дропов в социальных сетях. Зачастую на предложение «лёгких денег» откликаются студенты. Прежде дропперы могли быть привлечены к ответственности только в гражданском порядке. Отныне такая форма соучастия в дистанционном мошенничестве является уголовным преступлением. Согласно статье 232-1 УК РК, за него следует наказание от крупного штрафа до 7 лет лишения свободы.
Сотрудник департамента работы со студентами СКУ Игорь Семёнов отметил, что подобные мероприятия очень важны для молодёжи. Профилактика интернет-мошенничества — одна из актуальных задач полиции в рамках реализации концепции «Закон и Порядок».
Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев