🎤 Жангелді Әпенов – СҚО ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі
📢 Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне енгізілген бірқатар өзгерістер туралы хабарлайды.
Заңнамадағы ең өзекті жаңалықтардың бірі – дропперлік үшін қылмыстық жауапкершіліктің енгізілуі. Дропперлер деп өз атына ресімделген төлем құралдарын алаяқтық операцияларда пайдалануға беретін адамдарды атайды.
Бұл – қазіргі замандағы алаяқтық тетіктерінің негізгі буындарының бірі. Енді белгілі бір сыйақы үшін өз шоттарына жәбірленушілердің ақшасын қабылдап, ары қарай аударған немесе өз атына банк карталарын рәсімдеп, оларды бөгде адамдарға алаяқтық мақсатында берген тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
✅ Аталған өзгерістер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап күшіне енеді. https://youtu.be/IiIj_C7AL-A
Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев