Адам баласы бір жақсылыққа қол жеткізгеннен кейін, тағы да бір нәрсеге ұмтылып, ары қарай солай жалғаса береді. Бәрі жақсы болғанмен, бір нәрсе жетіспейтіндей болып тұрады.
Ол не десеңіз? Ол Жәннат. Адам жаратылысы бойынша Жәннатты аңсап тұрады, бірақ оны кейбіреуі білмей жер бетінен жұмақ іздеуі мүмкін.
Шындығында, бұл дүниедегі жақсылықтар мен жамандықтардың барлығы өткінші. Адам баласы қанша жақсылыққа қол жеткізсе де, Аллаға иман келтіріп, оған құлшылық етпейінше өзін шынайы бақытты сезіне алмайды. Өйткені шын бақыт - исламда. Аллаға құлшылық етуде.
Бұл өмір еңбек ететін жер. Ал о дүниеде есеп болады. Сондықтан, о дүниеде есебіміз жеңіл болу үшін Алладан тура жол мен хидаят сұрап, көбірек Аллаға құлшылық жасау керек.
Алла күнәларымызды кешіріп, бізді тозақ азабынан сақтап, жәннат бақтарына кіруімізді нәсіп етсін. Әмин.
#туражол #ислам #Құран #ихсан #білім #ілім #зікір #таухид #намаз #ораза #рамазан #ниет #сәресі #ауызашар #қадіртүні
Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Комментарии 4