Биылғы жыл ұстаздар үшін есте қаларлық жыл болды деуге толық негіз бар. Жыл басында Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңы қабылданып, мұғалімдердің беделі артты. Бұл құқықтық құжаттың қабылдануына кәсіподақтар өзімдік үлес қосты. Осы бағыттағы жұмыстарды одан ары жандандыру мақсатында Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы дәстүрге айналған «Ұстаз болғым келеді – 2020» байқауын ұйымдастырды.
Екінші жыл қатарынан өткізілген шығармашылық сайысқа қатысушылардың саны арттып, іріктеу кезеңіне 112 эссе жинақталған еді. Ал қорытынды сәтте 28 оқушының жұмысы таңдап алынды. Үш айға созылған байқаудың облыстық кезеңінде «Білімді ел – Образованная страна» республикалық газетінің бас редакторы Ләззат Түркестанова, облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айдар Башбаев, облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік басқармасының басшысы Алуа Қабдұлова, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті гуманитарлық факультетінің деканы Айна Рахимова, «Өлке тынысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Мейрам Жанәділов, №11 «Құлыншақ» балабақшасының қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қымбат Байахметова және облыстық ұйымы төрағасының міндетін атқарушы Самал Бакирова төрағалық жасап, бейне байланыс арқылы шынайы жүйріктерді анықтады.
ТОЛЫҒЫРАҚ - https://bilimdinews.kz/?p=107608
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев