Предыдущая публикация
Кеудеңде мені тербеттің,
Жас шыбық енді кӛктеді.
Мінеки мен де ер жеттім,
Еңбегің бекер кетпеді.
Ӛмірде мынау ең жақын,
Аяулым сенсің, анашым!
Болмаса мейлі зор даңқың,
Мен үшін бірақ данасың.
Мейірім тӛккен нұр жүзің
Тұрғандай сезем жанымда.
“Адал бол, - деуші ең, - жұлдызым”,
Сақталды сӛзің жадымда.
“Игі еңбек түбі осы-ау” дер
Кӛргендер жеміс ағашын.
Қартаймай, мәңгі жасай бер
Мәңгілік Күндей, анашым!
Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев