Шежіре бойынша Кіші жүздің алты ата Әлім бірлестігіндегі Шөмекейден−Тоқа, Көнек, Аспан, Бозғұл есімді төрт ұл туған.
Осылардың Бозғұлынан; Қарақожа (Қаратамыр), Қайқы, Келдібай, Сарыбай, Торыбай туған.
Бұлардың ішіндегі Қайқының Балқы (Балқия) есімді әйелінен − Андағұл, Отарбай, Қиық, Қалтаң, Әлімбет, Қосбармақ, Ақбалқы деген балалар туып, солардың ұрпақтарының бәрі де шешелерінің атымен «Балқы» деп аталып кеткен. Балқылар қазақта тұқымына таралған ақын-жырауларымен, би шешендерімен белгілі. Әйгілі Базар жырауды − Балқы Базар дейтіні, сол түп анасының есімімен аталатын руын меңзегені.
Кіші жүз. Бекарыс: 1.Байұлы, 2.Қаракесек, 3.Жеті ру.
Байұлы (он екі ата) – Шеркеш, Ысық, Тана, Байбақты, Масқар, Қызылқұрт, Алаша, Адай, Беріш, Таз, Алтын–Жаппас, Есентемір.
Қаракесек – Байсары, Әлім, Шөмен (алты ата) 1.Жаманақ(Шекті), 2.Қарамашақ(Төртқара), 3.Ұланақ (Қаракесек), 4.Айнық (Қарасақал), 5.Тойқожа, 6.Тегінболат.
Жеті ру:
Рамадан, Телеу, Жағалбайлы, Тама, Табын, Кердері, Керейіт.
Әдетте Кіші жүзді аталар санына жіктегенде, оны бірде «25 таңбалы Кіші жүз» (Алты ата Әлім, Он екі ата Байұлы, Жеті ата Жеті ру) десе, кейде оған төрт ата Шөмекейді қосып, «29 таңбалы Кіші жүз» деп жатады. Бірқатар шежірелерде кетенің екі атасы Ожырай мен
Қаракетені де қосып, Кіші жүзді 31 таңбаға жеткізеді.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев