Ергүл анадан Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, Шегендік, Қаракесек, Момын анадан Қанжығалы, Тобықты, Атығай, Қарауыл, Ақташы, Байтажы, Айнакөз анадан Тәңбісұпы (Өткірсұпы) туады. Тәңбісұпыдан Елемес, одан Есенбай, одан Ермен, одан Бөлтірік пен Шағыр. Саржетім Шағырдан шығады. Саржетімді кейде Саржігіт те деп атайды. Саржетімнен тарайтын руларды төмен шекті арғын деп санайды. Мұның себебі жылқыға Арғын руының жалпы таңбасы 00 "көз таңбасы" еңіне төмен қарай қосымша сызық тартуымен байланысты. Шежіре бойынша Саржетімнің әкесі Шағыр, ұлы атасы Ермен батыр. Саржетімнен Ағлан (Апай) мен Жолдыбай туады. Жолдыбайдан Сүгір мен Жиенбет рулары тарайды. Ағланнан: Ақымбет, Бегімбет, Шымболат және Жауғашты аталары тарайды. Ақымбеттен Құлқай руы, Бегімбеттен Өтей руы, Жауғаштыдан Мадияр, Алдияр (Таз), Шымболаттан Есіргеп, Байсары, Қойсары, Жансары, Бәйгелді деген рулар тарайды. Қоныстанған мекендері Қостанай облысына қарасты Обаған, Торғай өзендерінің бойында орналасқан жайылымдары.
Саржетімнің кіндігінен шыққан атақты ру басы, батыр, билер: Жауғаштыұлы Мадияр би, Бегімбетұлы Өтей батыр, Алдиярұлы Қарабалуан батыр, Өтейұлы Бекбаулы би, Сүгірұлы Мешітбай, Балқанұлы Шоқай би, Қарабалуанұлы Барақ батыр, Жанұлы Жазы би (тарихта Язы Янов атымен белгілі), Сұлтанкелдіұлы Қалыбай батыр, сонымен қатар Міржақып Дулатұлы, Сейдазым Қадырбайұлы, Мырзағали Есполұлы, Таутан Арыстанбеков, Спандияр Көбеев, Бекет Өтетілеуов, Абайділда Бекжанов, Едірес Сейілов, Ілияс Омаров, Асқар Закарин, Ерік Асанбаев, Нығметжан Есенғарин, Әлібек Қасымов, Фазылхан Бәйімбетов, Сайлау Байзақов, Сәбит Байзақов, Абай Байтоғаев және тағы да басқалар. Таңбасы Арғынның "көз таңбалысы" дөңгелегінінің (ОО) жоғарғы жағынан сызық тартумен ерекшеленеді. Ұраны- Ақжол.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев