Ел туризмін дамыту үшін алдымен жолдарымызды жөндеуден бастау керек дейді саяхатшы, жиһангез блогер Динара Болат (Dinara Bolat) . Қазақстанның біраз жерін аралаған Динара ханым өзге елдерде саяхаттайтын әдемі жерлер мен қалалар ары кетсе екі-ақ сағаттық уақыт алатын қашықтықта орналасқанын айтады. Ал бізде болса жолға екі-үш күн ететіні рас. Мысалы, Шығыс Қазақстан мен Алматының арасы, Маңғыстау мен Байқоңырдың арасы. Бұл поезбен жүргенде, ал ұшақ қымбатқа түседі. Өйткені, ішкі рейстерге билет бағасын қалта көтере бермейді. Саяхатқа көлікпен шығуға да болады, бірақ біздің жолдар темірді де аямайы. Пікірмен сценарист-редактор Перизат Мырзахмет толық келісті. Сұхбатында ол: "Абай ауылына апаратын жол – адамзатты жоюға арналған қару" - деді.
Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев