Предыдущая публикация
Тиме намысыма.
Зәр ұсынған кiсiге нан ұсынған,
Алысудан аулақпын табысудан.
Ей, қазақтың баласы, есiңде ұста,
Өлсем өлем, сiрә, мен намысымнан!
Жақынынан, жауынан, жалдаптардан
Ата-баба намысын қорғап қалған.
Момын қазақ намысын жiбермеген,
Жоңғар, Шыңғыс, жөйіт пен қалмақтарға.
Сол қазақтың мен де бiр жапырағы,
Арқасы бар, Алматы, Атырауы,
Ар-намысын аяққа таптатпайды,
Қашаннан да қазақтың топырағы.
Әдептiмiн, ұяңмын, именемiн,
Сыраға – бал, сыйыңа – сый беремiн.
Аңқау қазақ екен деп ағайындар,
Намысыма алайда тиме менiң!
🍃🌷🍃🌷🍃🌷🍃🌷🍃🌷🍃🌷🍃🌷🍃🌷🍃🌷
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев