Мен деп егер бастасам шешімімді
Ой айтайын нақтылап кесімімді
Ауылдарды халыққа қайтарамын
Бөліп жармай кімсің деп ешкімімді
Тоқтамасын ауылдың тіршілігі
Азайдығой ауылдың көпшілігі
Қара қазан ауылдың ортаймасын
Сол ауылмен көркейер ел бірлігі
Мен деп егер бастасам сайланушы
Жұмысшының тағдырын ойланушы
Қара жұмыс қашанда тоқталмасын
Сол жұмыстар ақшаға айналушы
Көбейтемін ақысын жұмыскердің
Бастамасы болсын деп жақсы істердің
Бақыты үшін халқымның жан аямай
Сайланушы сен болмай оны істер кім
Мен деп егер бастасам мен білерім
Денсаулықтың кепілін жүргіземін
Сараптама нәтиже анықтама
Денсаулығын ақысыз білгіземін
Мен айтамын тек қана әділдікті
Білімі бар жастарым әлемді ұқты
Шетелде оқып жастарым қалып қоймай
Көркейтуге өз елін болар мықты
Мен оқытам тек қана білімдіні
Ақшасы жоқ болсада тым үлгілі
Сапалыны арттырып ал сапасызды
Көзін жою мақсатым ол белгілі
Басты мақсат бір болсын сайлаушыда
Халқымыздың мұқтажын сыйлаушыға
Сайланушы елі үшін болам десе
Дәл осылай сөз айтсын тыңдаушыға
Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев