«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы қаржыландырып отырған күрделі реконструкция жұмыстары 1 шілдеден басталған болатын.
Ол халық игілігіне 2025 жылдың 30 желтоқсанында аяқталып ұсынылмақ. Бұл вокзал бұған дейін 2002 жылы жөндеуден өткен еді. Дегенмен уақыт талабына сай қауіпсіздік пен қолайлылық мәселелері толық ескерілмеген болатын. Қазіргі жөндеу жұмыстары барысында осы олқылықтардың орны толтырылуда. Ғимараттың төбесі темірбетонмен жабылып, беріктігі күшейеді. Жолаушыларға жайлы жағдай жасау үшін күту залы кеңейтіліп, жұмысшыларға арналған демалыс бөлмелері, намазхана, ана мен бала бөлмесі, ерлер мен әйелдерге бөлек санитарлық тораптар қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз қозғалу үшін барлық жағдай жасалмақ.
– Басты мақсатымыз – халыққа сапалы қызмет көрсету. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң, вокзал заманауи үлгіде қызмет ететін болады. Жоспар бойынша күрделі жөндеу жұмыстары биыл толық аяқталып, жаңарған вокзал тұрғындар игілігіне беріледі. Қазір жөндеу жұмыстарына қарамастан вокзалдың күнделікті жұмыс кестесі өзгеріссіз сақталып отыр. Жолаушыларға пойыз қозғалысы кедергісіз қызмет көрсетуде. – дейді вокзал басшысы Күнтуов Мұханбетали Дүйсенбекұлы.
Жаңартылған вокзал – тек сәулетті ғимарат қана емес, халыққа ыңғайлы әрі қауіпсіз қызмет көрсететін заманауи көлік торабына айналары сөзсіз.
Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев