Осы аралықта бұл сала елдің экономикалық дамуымен қатар, халықтың тұрмысын жақсартуға да сүбелі үлес қосты. Ал осы алып жүйені дөңгелетіп отырған – еліне адал еңбек ететін қарапайым теміржолшылар қауымы. Теміржолшы болу – тек кәсіп емес, бұл – үлкен жауапкершілік пен тынымсыз еңбекті талап ететін өмір салты. Қыстың қақаған аязы, жаздың аптап ыстығы, түнгі кезекшілік пен күндізгі қозғалыс – бұның бәрі олардың қалыпты тіршілігі.
«Қазақстан темір жолы» сигнал беру және байланыс дистанциясында аға электромеханик қызметін атқарып жүрген Баймағамбетов Айдос Серікұлы – өз ісіне адал, жауапкершілігі мол теміржолшы. Ол 1987 жылы Қостанай облысы, Ақшығанақ ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 2019 жылы электромонтер қызметінен бастап, кәсіби біліктілігі мен тынымсыз еңбегінің арқасында аға электромеханик дәрежесіне дейін көтерілді. Айдос Серікұлы Павлодар оқу орталығында білім алып, техникалық білімін шыңдаған. Кейін Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде жоғары білім алып, инженер мамандығын меңгерген. Күн сайынғы қажырлы еңбегі мен теміржол желісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы табандылығы оны әріптестері арасында сыйлы тұлғаға айналдырды. Әрбір құрылғының жұмысын мұқият тексеріп, байланыс жүйелерінің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету – Айдос Серікұлының басты міндеті. Оның еңбегі елеусіз қалған жоқ. «10 жыл мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталған маман – теміржол саласындағы үздіктердің бірі. Бұл марапат – тек өткен еңбек жылдарының емес, кәсібіне деген шынайы ықыласының дәлелі.
Баймағамбетов Айдос сияқты өз ісіне берілген, білімді де білікті мамандар – теміржол жүйесінің сенімді тірегі.
Қауіп-қатері мен жауапкершілігі мол теміржол саласы – тиянақтылықты, ұқыптылықты талап ететін күрделі сала. Поездардың уақытында жүруі, жолаушылардың қауіпсіздігі, жүк тасымалының жүйелі жүзеге асуы – осының бәрі теміржолшылардың тынымсыз еңбегінің арқасы. Теміржолшылар күні – осы салада қызмет ететін жандарға деген алғыс пен ықыластың белгісі. Осы айтулы мереке күні барлық сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті, денсаулықтарыңыз мықты, отбасыларыңыз аман болсын! Ел игілігі үшін атқарып жүрген абыройлы істеріңізге сәттілік тілейміз!
Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев