Маңғыстаулық психологтар Құлсары қаласының тұрғындарына көмек көрсетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті. Маңғыстау облысы ТЖД психологтары Атырау облысы Құлсары қаласынан уақытша орналастыру пункттеріне эвакуацияланған зардап шеккен халықтың психоэмоционалды күйзелісі және мазасыз жағдайларын жеңілдету мақсатында психологиялық көмек көрсетті. Балаларға ерекше назар аударылып, тренинг өткізілді. https://baq.kz/mangystaulyq-psihologtar-qulsary-qalasynyn-turgyndaryna-komek-korsetti-330180/
Шымкенттен Құлсарыға барған құтқарушылар тәулік бойы тынбастан жұмыс істеуде Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқарушылар су сору жұмыстарын жүргізуде. Шымкент қаласынан келген құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен Атырау облысы Құлсары қаласында су сору жұмыстарын тәулік бойы жүргізуде, - делінген хабарламада. https://baq.kz/shymkenttik-qutqarushylar-qulsaryda-taulik-boyy-zhumys-istep-zhatyr-330167/
Су басқан өңірлерде су тасқынына қарсы іс-шараларға көмектескен ұландық жауынгерлер әскери бөлімдерге қайтарылады. Бұған дейін су тасқынына қарсы іс-шараларға көмектесу үшін Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарына жіберілген әскери қызметшілер мен әскери техникалар тұрақты орналасқан жерлеріне қайтарылады. Атырау, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жағдай әлі де бақылауда. Бұған Жайық және Есіл өзендеріне құйылып жатқан су мөлшерінің көптігі себеп. Жайық өзенінің бойындағы су тасқынының алдын алу мақсатында ұландықтар мен құтқарушылар жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізуде. Бүгінде Ұлттық ұланның әскери қызметшілері полиция қызметкерлерімен және құтқарушылар
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 15 наурызда Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында берген тапсырмасына сәйкес «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» Заңына түзетулер енгізілді. Заңда «Айбын» орденінің дәрежелеріне даңқты батырларымыз Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың есімдерін беру қарастырылған. Заң ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. https://ortc
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасын...
Қазақстанда тасқын суды жинау және сол арқылы елді мекендерді су басу қаупін азайту үшін 20 жаңа су қоймасы салынады. Су ресурстары және ирригация министрлігі осы бағытта жұмыс істейді. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ведомствоның ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева мәлімдеді. Жыл басында қабылданған су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасында 2,5 млрд текше метрге дейін жинай алатын 20 жаңа су қоймасын салу көзделген. Бірінші кезеңде Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Жетісу облыстарында 10 су қоймасын салу жоспарланған. Бүгінгі таңда Түркістан облысында 1 су қоймасы пайдалануға берілді. Бәйдібек ауданында Бәйдібек ата су қойма
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау үшін 300 млрд теңге сомасына жеңілдікпен қаржыландырудың жаңа бағдарламасын іске қосады. Алғаш рет «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ осы бағдарлама шеңберінде кепілмен қамтамасыз ету бойынша шектеулерге тап болған фермерлер үшін кредиттің 85% сомаға кепілдіктер береді. Мұндай кепілдіктерді ұсыну азық-түлік қауіпсіздігін едәуір нығайтады және ішкі нарықтағы баға тұрақтылығын қамтамасыз етеді, өйткені «Бәйтерек» холдингінің көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландырудың жалпы көлемі ағымдағы жылы 440 млрд теңгеге жетеді. Бұл бағытта холдинг агроөнеркәсіптік кешенді қол