«Коронамобильдердің» экипаждары ауыр және жауапты міндеттерді орындайды: дәрігерлердің, санэпидемиологтардың жұмысын, мұқтаж тұрғындарға барлық қажетті заттарын жеткізуді қамтамасыз етеді, медперсоналды тасымалдауды, дәрі-дәрмектер мен қорғаныс құралдарын тасуды жүзеге асырады. Инфекцияның таралуы төмендегініне қарамастан, жүргізушілер COVID-19-бен күресте «алдыңғы қатарда» еңбек етуді жалғастыруда.
«БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» тек Өскеменнің өзіне инфекциямен күреске ерікті жүргізушілерімен бірге LADA маркілі 9 автомобиль бөле отырып, пандемиямен күресте отандық денсаулық сақтауға қолдау көрсетті. Пандемия кезеңінің басынан бастап компания Қазақстанның әртүрлі өңірлеріне екі жүздеген еріктілер экипажын жіберді. ТЖ режимі кезеңінде жедел қызметтер мен еріктілердің қарамағына «вирусқа қарсы жұмыс істейтін» 80 жаңа автомобиль берді.
Автопаркті ұстау бойынша барлық шығындарды: жанармаймен қамтамасыз етуді, сақтандыруды, сервистік қызмет көрсетуді, экипаждардың жалақысын компаниялар тобы өзі төледі. Қазақстанның барлық қалаларындағы еріктілердің жұмысын қамтамасыз етуге және көлікке қызмет көрсетуге арналған «БИПЭК АВТО — АЗИЯ АВТОНЫҢ» жалпы шығындары 93,6 млн.теңгені, соның ішінде ШҚО бойынша – 25,7 млн. теңгені құрады.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Нет комментариев