Қазақта малдың киесі ноқтасында деген ырым бар .
Себебі ірі қараның пірлері ноқтада отырады деп түсінеді .
Сондықтан малды сатқанда ноқтасын қоса бермейді .
Тіпті итті сатқанда да басындағы қарғысын берме ,деп айтады .
Үйдің киесі иттің қарғысына да қонақтауы мүмкін .
Бұл жайында ел аузында сақталған көптеген тыйым аңыздар мен ырымдар да бар .
Ертеде Сыр бойындағы Елтай деген адам болыпты .
Оған әкесінен мұраға бес үйір жылқы қалады .
Елтай базарға бір -екі жылқысын апарып ,азық - түлікке айырбастамақ болады .
Жылқысы қымбат бағаланғанына қуанып ,ноқтасын қосып береді .
Содан бастап Елтайдың дәулеті кеми түседі .
Жылқылары азайып ,ұры мен қасқырдың жеміне айналады .
Онан қалса ,сіреспе ауруына ұшырап ,жоқ болады .
Елтай тақыр кедейге айналады .
Басындағы бақытсыз күйі туралы ауылдағы бір қарт мұң шағады .
Сонда қарт ;
-Әй балам - ай !
Малдың киесі ноқтада болады .
Мал сатқанда бас жібімен бермейтін еді .
Адам үшін бас киім қаншалықты қасиетті болса ,мал үшін де ноқта жібі соншалықты қастерлі .
Бақ та ,ырыс та көшпелі алтын тәрізді .
Бағалай білмеген адамның қолынан тез шығып ,кетіп қалады ,- деген екен .
Салт - дәстүр сөйлейді кітабынан көшіріп алдым .
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Комментарии 5