Кезекті облыс – #фишбармақ жейтін өңір.
Бұл – қазақ тарихында айрықша орны бар киелі өңірдің бірі. Мұнда кезінде аты айдай әлемге танылған #Сарайшық қаласы орын тепкен. Бір кездері Алтын Орданың рухани-идеологиялық орталығы (#Берке_хан осы жерде Ислам дінін қабылдаған), одан кейін Ноғайлының астанасы болған шахар Қасым хан тұсында Қазақ хандығының да астанасы болғаны белгілі.
Бұл қалада #Алтын_Орда мен #Қазақ_хандығы'ның бірнеше ханы мен тарихи тұлғалары, оның ішінде #Меңгі_Темір, #Тоқты, #Жәнібек, #Бердібек, #Тоқтамыс, #Барақ және #Қасым хандар жерленген.
Одан кейінгі ғасырларда да Атырау жерінен көптеген ұлы тұлғалар шыққаны тарихтан мәлім. Орал мен Атырауға ортақ батырлар #Махамбет пен #Исатай, #Мұрат пен #Шернияз ақындарды өмірге әкелген құтты жер.
Кейінгі ғасырда #Әбу_Сәрсенбаев, #Хамит_Ерғалиев, #Зейнолла_Қабдолов, #Фариза_Оңғарсынова, #Салық_Зиманов, #Қаршыға_Ахмедияров, #Рақымжан_Отарбаев секілді алыптар шықты.
Осы тұста қазақтың ең мықты заңгерінің бірі, бәлкім ең мықты заңгердің өзі болған #Салым_Зиманов туралы айта кету керек.
Республика күні мен Тәуелсіздік күніне орай бірқатар белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінен сұхбат алғанымда, олардың бәрі бірауыздан сол 90-жылдардың басындағы алмағайып кезеңде Қазақ мемлекетінің егемендігі мен тәуелсіздігін белгілейтін құжаттарды дайындауда Салық Зимановтың қайраткерлігі мен ерлігі айқын көрінгенін айтқан болатын.
Мысалы, 1990 жылғы 25 қазандағы «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы» декларацияны, одан кейін 1991 жылғы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңын, кейін 1993 жылғы тұңғыш Конституциямызды дайындап, жазып шығу кезінде осы кісінің еңбегі ұшан-теңіз болған. Тіпті Салық Зимановты қазаққа тәуелсіздік әперген аталған құжаттардың авторы десек те артық айтпағандық болар.
Атырау дегенде, #ИманғалиТасмағамбетов пен #ТабылдыДосымов'тың да есімін ерекше атап өткім келеді. Кім не десе о десін, мен үшін Имекең – қазақтың бағына туған ұл. Ал Табылды – айрықша әндерімен халықтың есінде қалған сирек кездесетін талант.
Фишбармағымен және қызыл балығымен (бекіре) танымал өңірдің этностық құрамына келсек, Атырау – еліміздегі қазағы абсолютті басымдықты құрайтын өңірдің бірі. Қарап отырсақ, Атырау қаласынан басқа аудандардың бәрінде қазақтың үлес салмағы 97 пайыздан төмен емес.
Бірақ еліміздің өзге де өңірлері секілді, мұнда да аудан халқының саны біртіндеп азайып барады. Соның ішінде қазақтың саны барлық ауданда төмендеген. Қызылмен жазылған сандардан байқап отырған боларсыздар. Бұл өңірде негізі туу көрсеткіші жаман емес, бірақ ауыл халқының қалаға көшуі белең алып тұр. Бір сөзбен айтқанда, #урбанизация.
#Орекеңдер Атырау қаласы мен жеті ауданның алтауында екінші орынды ұстап тұр. Бірақ олардың да, басқалардың да үлес салмағы мардымсыз ғана.
Жалпы облыс халқы былтырғы жылдың басынан бері 6-ақ мың адамға көбейіпті, ал #Атырау қаласының тұрғын саны 10 мың адамға артқан.
Бұл облыстың демографиялық жағдайы көршілес Оралмен ұқсас. Қазағы қалың болғанымен, жалпы халық саны аз. 710 мың адам дегенің – ар жағында аю ақырып тұрған шекаралық өңір үшін түк емес! Сондықтан көбірек туу керек әлі де)
PS. Постты жай оқып өтпей, лайк қойып, бөлісіп отырыңыздар.
Дереккөз: FB #ескендірзұлқарнай
Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев