Жылқыбай Жағыпарұлы
«Зар-нала», повестер мен әңгімелер. Ақмола. «Жазушы». 1993.
Жазушы Ж. Жағыпарұлының бұл кітабына «Зар-нала», «Кек уыты», «Қайта жанған шырақ» атты повестері мен бірнеше әңгімелері еніп отыр. Автордың алғашқы повесіне халқымыздың басынан өткен ұлы нәубет – 1932-33 жылдардағы аштық трагедиясы өзек болса, «Кек уыты» повесінде туған жеріміздің экологиялық тағдыры тілге тиек етілген. Жинаққа енген әңгімелерге ізгілік, адамгершілік, туған жерді сүю, ата дәстүрді қадірлеу сияқты ізгі – қасиеттер арқау етілген. Ал «Қайта жанған шырақ» атты повеске опасызға алданған ана мен некесіз туған сәби тағдыры арқау болған. Автордың қай шығармасында да өмірдің шындаға шынайы суреттелген.
Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Комментарии 1