"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Аталған байқау, адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің /ерлі-зайыптылықтың/ жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Казіргі әлемдегі жағдайға кімді алаңдатпайды?!
Саясатты да айтуымыз керек, еліміздегі әлеуметтік саланы, экономикалық тұрақтылықты да, мәдени құндылықтар, қоғами ахуалды да айтып отырғанымыз дұрыс. Бірақ осының бәрінің артында отбасылық құндылықтары тұрады. Мемлекеттің өркениеті, әр адамның және халықтың тағдыры, отбасынан басталады. Ол хақ.
Бұл пост жазарда өкінішке орай, менде ұлағатты жандар мен отбасылар тізімі жоқ. Соған қарамай марапатталған жарқын жандардың арасын өз анашым бар екенін көріп риза болып отырмын.
- Құтты болсын ардақты анашым!
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30- жылдығына орай, ҚХА- сының төрағасы Қ Ж Тоқаевтың жарлығымен Б. А. Қалтаеваға мерекелік медаль табысталды.
Марапатталған отбасыларды да құттықтап, келешекте-де ұлттық құндылықтарды, ұлағат пен өнегені, тәлім мен тәрбиені, салауаттық пен ізгілікті дәріптей беріңіздер.
Отбасыларыңызға тек қана ден саулық, сүйіспеншілік пен береке нәсіп болсын!
#Арқалық. #ТорғайАймақ. #Қазақстан. #Отбасы. #Құндылықтар. #Ұлт. #Халық.
Конкурсты өткізудің мақсаттары:
1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;
2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу, және кеңінен насихаттау;
4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
2. Конкурсқа отбасылар өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша қатысады.
3. Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысатын (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) отбасылар жіберіледі.
Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев