Қазақстандағы Халықтар достығының күні. Өзіңді біреу құрметтесін десең, өзге ұлтты да құрметтей біл.Менің бала кезімде біздің үйде еңгезердей орыстың сары шалы жүретін. Ол кісі келсе ата-анам құшақ жайып қарсы алатын, дастарханын жайып қонақ қылатын. Басында біздер үрпиісіп, есік-тесіктен сығалап қорқып жүретібіз. Адамға тартылыс күші мейірімділіктен тумай ма? Кейін ол кісіге етіміз үйренгені соншалық бауырларымызбен жанына жатуға таласатынбыз.Қаладан келер сәтін кәдімгідей сағынышпен күтеміз, жолын тосып жүреміз. Атай да бізді еркелете білді.. Қаладан тәттілер, қияр, сәбіз, қызанақ әкелетін. Ол кезде біздің кішкентай ауылда көкөніспен айналысар жандар жоқтың қасы еді...Бақыттың тәтті дәмін сезінген қай- ран сол балалық балдәурен шағым-ай
Әкем мен Овчаренко Игнат атайды аңшылыққа, балықшылыққа тым жақындықтары табыстырды. Олжаларын ортаға салып, баладай қуанып отыратын кездері де есімде..
Әкем орысша таза сөйлейтін, өте сауатты, әзілге де жақын жан еді. Есігімізден қонақ кетпейтін. Ол кез қазіргідей аста-төк заман емес, барына базар еткен заман. Көрші ауылдағы Таран, Ларионов, Деревянкомен (менің есімде қалғандары) т. б етене араласатын. Осыны көріп өскен біздің қатарластарымыз ұлт бірлігін бағалайды."Бөлінгенді бөрі жейді" - деген мақал тектен - текке айтылмаған болар.
Біртұтас ел, бірлігімен жарасты.
Ел мен елдің арасын жалғастырар ұлы достық.Ұлтқа бөлінбей,арадағы достыққа сызат түсірмей жүру өмірдің басты қағидасы. Береке-бірліктің бастауы сыйластық. Алауыздық ел іргесіне іріткі салады.Әлемде болып жатқан аса келеңсіз жағдайлардан ел аман, жұртымыз тыныш болсын.Кешегі тасқын кезінде ұлтқа бөлінбей жұдырықтай жұмылған ел бірлігі жүрекке қуаныш ұялатты.
Шаңырағымыз шайқалмасын!
Халықтар достығы жасасын!
*АЯН ӨМІРБАЙҚЫЗЫ. 01.05.2024жыл*
Присоединяйтесь к ОК, чтобы посмотреть больше фото, видео и найти новых друзей.
Комментарии 7