1. «Жылдамдықты сағатына 9 километрден асыруға болады»
Сағатына 10 километрден жоғары жылдамдықпен жүрген жағдайда шаралар қолданылады және 5 АЕК түрінде айыппұл шарасы қолданылады. Бұл жылдамдықты, мысалы, сағатына 8 немесе 9 километрге жоғарылатуға ресми түрде рұқсат етілген деген сөз емес. Ол жүргізушілердің шектелген аумаққа шыққан кезде бірден тежелмей, жылдамдығын бәсеңдетуіне мүмкіндік береді.
2. «Егер жолда белгілеулер болмаса, қарсы жүріп айдауға болады»
Белгілеулер мен рұқсат етілмейтін белгілер болмаса да жүргізушілер жолдың ортаңғы бөлігін анықтап, айқын ұстануы тиіс. Басқа қатысушылардың жол жүрісіне қауіп төндірмейтіндей етіп көлікті жолдың бойында дұрыс орналастырып жүру керек.
3. «Бағдаршамның сары түсті сигналында өтіп кетуге болады»
Негізінде жүргізушілердің жол қиылысының алдында шұғыл тежемей тоқтата алмайтын кезін қоспағанда бағдаршамның сары түсті сигналы жанғанда жүруге әрдайым тыйым салынады.
4. «Жанасатын трамвай жолдары да жүру жолағы болып есептеледі»
Трамвайдың жүру жолағымен бірнеше жағдайда:
• рельстер жолдың жүру бөлігімен бір деңгейде сол жақта орналасқанда;
• барлық жолақтар бос болмаған кезде;
• айналып өту, озып шығу, солға бұрылу немесе кері айналу кезінде рұқсат етіледі.
5. «ЖКО кезінде апат болған жерді тастап кетуге болмайды»
Апат болған жерді екі жағдайда қалдыруға болады:
• зардап шеккендерді өз көлігіңмен шұғыл түрде емханаға жеткізгенде. Одан кейін ЖКО орын алған жерге міндетті түрде қайтадан оралу керек.
• жүргізушілердің өзара келісімімен апаттың сызбасы жасалып, ресімдеу үшін ІІД өз беттерінше келгенде.
Ал егер көлікті ауыстырып немесе сатып алғыңыз келсе, Сізге Kaspi көмекке келеді. Kolesa.kz сайты арқылы Сіз 75 000-нан астам автомобильдің кез келгенін таңдай аласыз, Автонесиеге онлайн тапсырыс беріп, не бары 1 минуттың ішінде шешімін аласыз! Автомобильдің руліне ертеңіне-ақ отыруға мүмкіндік бар, ал қайта ресімдеу және тіркеу барысын сіз үшін Kaspi тегін жасап береді.
Kolesa.kz-тегі Автонесие туралы толығырақ мына сілтеме бойынша білуге болады: https://bit.ly/2xGyIZs Жолда мұқият болыңыз және ережелерді бұзбаңыз!
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев