Ал Kaspi.kz-тегі Магазинде бағаларды неғұрлым жылдам салыстырып, тауарды зерттеуге болады. Бұл жерде таңдау жасауға өзіңіз сияқты сатып алушылардың тауарлар мен сатушылар туралы пікірлері көмектеседі!
Kaspi.kz-ке пікірлер қалай түседі? Мәселен, клиент Kaspi.kz-тегі Магазинде сауда жасап, тауарды алып кетті делік. Бұдан кейін оған SMS-хабарлама келеді, ондағы сілтеме арқылы өтіп, 5 балдық шкала бойынша сатушыны бағалауға және түсіндірме қалдыруға болады. Екі күннен кейін ол сатып алынған тауарды бағалап, оның артықшылықтары мен кемшіліктері туралы өз пікірімен бөлісу туралы ұсыныспен тағы бір хабарлама алады. Осы түсіндірмелер мен бағалардың барлығы Kaspi.kz-тегі Магазинге түседі.
Kaspi.kz-те тауарлар туралы пікірлер уақыты бойынша шектеусіз көрсетіледі және пайдалы болғанына қарай сұрыпталады, оны кірушілер анықтайды. Ал сатушылардың рейтингі соңғы 90 күндегі бағалардың негізінде жасалады. Осылайша, сіз ең өзекті ақпаратты ала аласыз.
Тауарлардың барлық санаттарымен және түрлерімен мына жерде танысуға болады: https://kaspi.kz/shop/ Kaspi.kz-тегі Магазинде тауарды үйден шықпай-ақ, бөліп төлеуге, несиеге, сондай-ақ Kaspi Gold картасымен немесе Kaspi әмиянмен сатып ала алатыныңызды есіңізге саламыз.
Уақытыңызды неғұрлым маңызды істерге үнемдей отырып, сауда жасаңыз! 😉
Kaspi.kz инновациялық компаниясының қолдауымен өтеді.
...Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев