Бірақ бұл жүгіруді тастап кетуге себеп емес, өйткені жүгіру, әсіресе ниеттес адамдармен бірге спорттық құмарлықпен, жылдамдықты аңсап, бостандықты сезіне жүгірген кезде нағыз эмоция сыйлайды.
22 сәуір күні Қазақстандағы ең ауқымды жүгіру шарасы VII Халықаралық «Алматы Марафоны» өтетінін естеріңізге саламыз. Kaspi екінші рет жаппай жүгіру жарысының бас серіктесі болады.
Kaspi-дің міндеті – сүйікті клиенттерінің өмірін жақсарту. Бұл міндет бағыты бойынша салауатты өмір салтының нышаны болған «Алматы Марафоны» идеясымен тамырлас.
Марафонның қатысушылары сөрелік жарнаны Kaspi.kz-те комиссиясыз төлей алады. Сөрелік жарналарды төлеуден түскен барлық ақша балаларға арналған мамандандырылған мекемелерге көмек ретінде жіберіледі. Былтыр қайырымдылыққа осылайша 5 млн теңгеден астам ақша жиналды және біз осы жетістікті қайталауды жоспарлап отырмыз.
Сондай-ақ Kaspi дәстүр бойынша 42 км 195 м қашықтыққа марафон жарысының жеңімпаздарына жүлде тағайындайды:
Ерлер мен әйелдер арасында 1-ші орынға – 350 мың теңгеден
Ерлер мен әйелдер арасында 2-ші орынға – 250 мың теңгеден
Ерлер мен әйелдер арасында 3-ші орынға – 200 мың теңгеден
Жүлде қорының жалпы сомасы 1,6 млн теңгені құрайды.
Жеңімпаздар жүлде медальдерін алады. Ал барлық қалған қатысушылар естелік медальдерін, грамоталар мен сыйлықтар алады.
Тіркеліп, «Алматы Марафоны» туралы қосымша ақпаратты мына сайттан алыңыздар http://www.almaty-marathon.kz/
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев