Бұл үшін сіз интернетте зат сатып алу үшін Kaspi.kz-те «Менің Банкім» бөлімінде картаны жеңіл әрі оңай, банктің бөлімшесіне келмей-ақ ашуыңыз қажет.
«Kaspi Gold» қосымша бетін басып, «Интернетте ақы төлеуді» таңдап, 25 000 теңге; 50 000 теңге; 100 000 теңге немесе 200 000 теңге мөлшерінде зат сатып алуға лимитті белгілеңіз. Бұл өзіңіз оны өшірген сәтке дейін әрдайым қолданылады. Оған шектеусіз лимит кірмейді. Шектеусіз лимит 30 күн қолданылады, содан соң автоматты түрде күші жойылады.
Сіз өзіңіз таңдаған лимитті кез келген уақытта өшіре немесе өзгерте аласыз.
Фишинг орын алған жағдайда, қастық ойлаушы адамдар белгіленген лимиттен көп қаражатты пайдалана алмайды.
Kaspi Gold картасын ұстаушы интернетте әр операцияны жүргізгеннен кейін қаражаттың қозғалысы туралы хабарламаны алып, кез келген сәтте онлайн зат сатып алуға тыйым сала алады немесе тікелей ұялы телефоннан картаға тосқауыл қоя алады.
Картаның тиімділігі туралы мына жерде танысуға болады: https://kaspi.kz/guide/gold/
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев