Ал сіз жаңа 2018 жылды қарсы алуға дайынсыз ба? Мерекеге дейін не істеп үлгеруге болатынын көрейік.
- Қарыздарыңызды реттеу. Оның ақша қаражатына, сол сияқты жұмысқа, оқуға, отбасына қатысы бар. Барлық басталған істерді мүмкіндігінше аяқтауға тырысыңыз. Ал коммуналдық қызмет үшін төленбеген шот бар-жоғын Kaspi.kz-те тексеріп, оларды сол жерде төлеуге болады.
- Жинастыру. Жұмыста да, үйде де ескі-құсқыдан ойланбай құтылыңыз. Жылды тазалықта бастау әлдеқайда жағымдырақ болмақ;
- Жақындарыңызға телефон соғу. Күнделікті күйбең тірлік пен жұмыстардың жетегінде жүріп, кей кезде біз жақындарымызды ұмытып кетеміз. Ал Жаңа жыл – бұл шуақты мереке ғой, сіздің құттықтау сөздеріңіз олар үшін ең үздік сыйлық болуы мүмкін.
- Сыйлықтар. Мүмкін әлдекімге сыйлық сатып алуға уақытыңыз болмаған шығар? Балалар тауарлары үшін Marwin-ге барыңыз, досыңызға тыңдауыш сатып алыңыз, ал әпкеңізге бутиктен әдемі шарф таңдаңыз. Оның барлығын Kaspi Red клубтық картасымен артық төлемсіз бөліп төлеуге сатып алған ыңғайлы.
Егер үйден шығуға ерінсеңіз, Kaspi.kz-тегі Магазинде кез келген талғамның көңілінен шығатын, барлық жасқа арналған тауарды таңдауға болады. Бұл нағыз тосынсый болады!
- Жаңа жыл мерекесі күндерін жоспарлаңыз. Осы күндері қалаңызда қандай іс-шаралар болатынын қарап, сатып алынған билет ақысын Kaspi.kz арқылы төлеңіз. Бұл отбасыңызбен бірге киноға бару, достарыңызбен бірге сырғанақ тебу, тіпті жаныңызды емдейтін шопинг болуы мүмкін.
Көптеген төлем үшін сізге әрдайым 1% бонус және 1 млн теңгеден көп Kaspi Депозит болған кезде 2% бонус есептелетінін ұмытпаңыз.
Ал ең маңызды нәрсе – көтеріңкі көңіл күйді ұмытпаңыз!
Келе жатқан Жаңа жылыңызбен!
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев