Жаңа жыл қарсаңында адамдар шаруаларын аяқтауға тырысады.
Жолдағы қозғалысты азайту мүмкін емес, алайда оны болдырмауға көмектесетін 7 тәсілді қарастырайық.
Азық-түлік алуға жай барып келу қиындық тудырмауы үшін мына ережелерді ұстаныңыз.
1. Құрмет көрсетіңіз.
Көлденең бағытта қозғалатындардың жолын жауып, қиылысқа шықпаңыз. Өйткені бұл кептелісті тудырады – көліктер барлық бағыт бойынша тұрып қалуы мүмкін.
2. Жылдамдықты шектеңіз немесе жол беріңіз.
Егер жүргізуші сол жақта шеткі жолмен төменгі жылдамдықпен жүрсе, онда басқа көліктер де оның артынан жиналып қалады. Одан да көрші жолаққа ауысып, тез қозғалатындарға жол берген жөн.
3. Көлікті дұрыс қойыңыз.
Тар жолдарда автокөлік тұрақтарының болмауына байланысты жүргізушілер көліктерін жиі жолдың жүріс бөлігіне қояды. Бұл да кептеліске әкеледі. Өйткені екі жолдың біреуімен ғана жүруге тура келеді.
4. Қатарды сақтаңыз.
Жылдамырақ өтіп кету үшін басқа қатарлардағы жүргізушілер өз жолдарынан жанындағы жолға ауысып, тар жолға түсуге тырысады. Бәлкім, мұндай істерге куә болған да шығарсыз, мүмкін өзіңіз де осылай жасаған шығарсыз?
5. Алаңдамаңыз!
Бүгінгі таңда таптырмас гаджет - смартфон үлкен қиындық тудыруда. Жас жүргізушілер рульге отырғанда телефон экранынан жиі көз алмайды. Мессенджердегі хат алысу, қоңыраулар, хабарлар жүргізушіні алаңдатып, соның нәтижесінде жүргізуші апаттық жағдай тудыруы мүмкін.
6. Уақытты таңдаңыз.
Қарбалас уақытта шаруаңызға немесе жұмысқа бармауға тырысыңыз. Мысалы, егер жұмысқа бара жатқанда кептеліс туындаса, жұмыс күнінің басталатын және аяқталатын уақытын қайта қарастырыңыз. Бәлкім, сіз бастығыңызбен келісіп, кестені ауыстырып, әдеттегідей 9-да емес, одан ертерек немесе кешірек келерсіз.
7. Навигатор.
Смартфондағы сол сәттегі жолдағы кептелісті көрсететін навигатор жақсы көмекші болуы мүмкін. Олай болса кептеліске түсіп қалмас үшін жолыңызды басқаша жоспарлай аласыз.
Егер жүргізушілердің барлығы бір-біріне мұқият болса, жол қозғалысына қатысушылардың әрқайсысына құрметпен қараса, жолда қиындықсыз жүруге болады. Қыстың осы бір суық айында бір-бірімізге жылы сезім сыйлайық. Өйткені Жаңа жыл - көптен күткен қуанышты да дәмге толы мереке. Барлығы Жаңа жылдық ғажайыптарды тағатсыздана күтеді, оның үстіне бұл күндері барлық тілектерінің орындалатынына сенеді.
Егер сіз көлік жүргізбесеңіз немесе өз көлігіңізді жаңартуды көптен армандап жүрсеңіз, онда Kaspi Bank арманыңызды іске асыруға көмектеседі. Kolesa.kzсайтында автонесиеге онлайн мақұлдауды бар-жоғы 1 минутта ала аласыз! Армандаған көлігіңізді таңдап, тура сайтта өтінім ресімдеуге болады.
Толығырақ Kaspi.kz сайтындағы Гид бөлімінен біле аласыздар: https://kaspi.kz/guide/auto_credit/
Kaspi.kz инновациялық компаниясының қолдауымен өтеді.
...Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев