Қазір бәрі әлдеқайда оңайырақ болып бара жатыр, көбінесе тұрғындар есептеуіштерінің көрсеткіштерін өз бақылаушысына мобильді мессенджер арқылы жібереді.
Егер бір күні оны істемесеңіз, не болады? Келесі айда қандай сома келеді?
Суық су үшін шот
Бүгінгі таңда Алматыда суық судың бір шаршы метрі үшін 55,56 теңге мөлшерінде бірыңғай тариф белгіленген. Тұрғындар түбіртекте тек белгілі бір айда тұтынған судың мөлшерін ғана көрсетуі керек. Бірақ есептеу аспаптарының бақылаушы жазып алған көрсеткіштері тұтынушының өзі толтырған көрсеткішпен сәйкес келмесе, берешек пайда болады. Бұл кезде борышкерлерге әртүрлі шаралар қолданылады. Бірақ бір шаршы метр үшін 55,56 теңге – суық судың мәселесін туғызатындай үлкен сома емес шығар?
Ыстық су үшін шот
Бұл жерде тұрғын үйде жалпы үйлік есептеу аспабы және барлық тұрғындардың ыстық суды есептеудің жеке аспабы болатын және жеке аспаптың тек кейбіреулерінде ғана болатын 2 түрлі жағдай бар.
Сонымен, егер тұрғын үйде жылу энергиясын жалпы үйлік есептеу аспабы (ЖҮЕА) орнатылған болса және пәтерде өзіңіздің жеке аспабыңыз – есептеуішіңіз болса, онда ыстық судың шаршы метрі үшін ақы пәтердегі есептеуіштің көрсеткіші бойынша есептік кезеңде жылуды іс жүзінде тұтыну шамасына есептеледі (АЛСЕКО түбіртегінде көрсетіледі). Егер сіз бұл көрсеткіштерді бермесеңіз, есептеу өткен кезеңдегі жылу энергиясының орташа тәуліктік шығыны бойынша жүргізіледі. Ал сіз көрсеткіштерді берсеңіз, қайта есептеу есептеуіштің көрсеткіштері бойынша жүргізіледі.
Пәтеріңізде жеке есептеуіш болмай, бірақ үйде жылу энергиясын жалпы үйлік есептеу аспабы болған жағдайда, онда ЖҮЕА көрсеткіштерінен пәтерлердегі жеке аспаптар бойынша есептеуіштердің көрсеткіштері алынып тасталады. Содан соң бұл айырма үйдің жеке есептеуіші жоқ барлық тұрғындарына бөлінеді.
Электр қуаты үшін шот
Компанияның өкілі коммерциялық есептеу аспаптарының көрсеткіштерін жазып алады. Алайда деректер болмаса, тұтыну мөлшері өткен кезең үшін электр қуатының орташа тәуліктік шығыны бойынша есептеледі. Бұл ретте мұндай есептеу әдісі үш айдан аспайды, ол уақыт өткен соң электр қуатын беру тоқтатылады.
Егер тұтынушы электрмен жабдықтау шартының талаптарын бұзғаны үшін ажыратылса, бұзушылық жойылғаннанкейін және қосу қызметі үшін ақы төленгеннен кейін ғана қосылуға болады.
Қолайсыз жағдайлар болмауы үшін ай сайын есептеу аспаптарының көрсеткіштерін беруді ұмытпаңыз.
Сіз коммуналдық қызметті және әртүрлі санаттар бойынша 450 аса қызмет ақысын Kaspi.kz мобильді қосымшасында төлей аласыз. Кезекте тұрудың қажеті жоқ. Өзіңізге ыңғайлы уақытта тұрмыстық шаруаларыңыздың қамын ойлаңыз. Барлық төлемдердің комиссиясыз жүргізілетіні, оған қоса бонус алатыныңызды ұмытпаңыз.
Ал қосымшаны мына сілтемелер арқылы жүктеп алуға болады:
Play Market https://goo.gl/uHD2Sb App Store https://goo.gl/NyT7QG
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев