Зат сатып алуға жұмсалған ақшаның бір бөлігін қайтаруға болады. Алайда бұл мүмкіндікті қалай пайдалану қажеттігін көбісі біле бермейді.
Өзіңіз білетіндей, көптеген елдерде тауар құнына қосылған құн салығы кіреді. Оны азаматтар мен салық резиденттері төлейді. Ал туристердің Tax Free жүйесі арқылы осы ҚҚС-ны қайтару құқығы бар. Бұл ретте қайтарылатын сома сіз баратын мемлекетке байланысты 20% дейін жетуі мүмкін.
Салықты қайтаруды ресімдеуді мынадай бірнеше кезеңге бөлуге болады:
• Дүкеннің Tax Free жүйесімен жұмыс істейтініне көз жеткізіңіз. Бұл үшін витринада Global Blue/Premier Tax Free секілді жүйе операторының логотипі бар тиісті белгінің болуын тексеріңіз немесе сатушыдан сұрастырыңыз. Содан кейін ең сомадан көп сомаға тауар таңдаңыз. Tax Free жүйесі бар елдер, сондай-ақ қайтару пайызы және зат сатып алудың ең аз сомасы біздің инфографикада көрсетілген.
• Kaspi Gold-пен төлеп, бонус алыңыз. Картаны ұстаушыларға әрдайым жұмсалған соманың 1% есептеледі, 1 миллион теңге сомасына Kaspi Депозиттері болған кезде әрбір зат сатып алудан есептелетін бонус 2% дейін және Kaspi Бонус бағдарламасының акциялары бойынша зат сатып алған кезде 5% дейін көбейеді.
• Арнайы нысанды толтырып, касса чегін алыңыз. Өзіңізбен бірге шетелге шығатын паспортыңыз болуы керек екенін ұмытпаңыз. Тауардың баға көрсеткішін және жапсырмаларын міндетті түрде сақтап қойыңыз. Көбіне ірі дүкендерде осы қызметті көрсеткені үшін комиссияны алатын салықты қайтару орындары болады, сондықтан бұл рәсімді әуежайда жүзеге асыруға кеңес береміз.
• Елден ұшып бара жатқанда кеден бекетінде толтырылған дүкеннің нысанын, чекті, паспортты және тауардың өзін ұсынып, нысанға мөртабан қойғызыңыз.
• Арнайы Tax Free cash refund орындарында ақша лезде қайтарылады, ол жерде сіз чектеріңізді, мөрді және паспортыңызды көрсетесіз. Есіңізде болсын, жоғарыда аталған жүйе операторлары бұл қызмет үшін комиссия ұстайды.
Біздің лайфхакты және Kapsi Gold картасын пайдаланып, сіз сапарыңыздан орташа есеппен 25% дейін үнемдеп, келесі демалысқа бонус жинай аласыз!
Рақаттана демалып, артық төлемеңіз!
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев