Kaspi.kz мобильді қосымшасын іске қосады, ал онымен бірге сүйікті клиенттеріміздің асыға күткен «Аударымдар» сервисі іске қосылады.
Жаңа сервистің көмегімен сіз қажетті соманы:
∙ Kaspi Gold картаңыздан Қазақстанның кез келген банкінің картасына;
∙ Қазақстанның кез келген банкінің картасынан Kaspi Gold картаңызға;
∙ банктің басқа клиентінің Kaspi Gold картасына;
∙ Kaspi-дегі өз шоттарыңыздың арасында аудара аласыз.
Бұл ретте Kaspi Gold картасына және өз шоттарыңыздың арасында барлық ақша аударымы тегін. Тек басқа банктің картасына ақша аударған кезде ғана комиссия болады және ол бар-жоғы соманың 0,95 % құрайды.
Алайда басқа картаны шығарған банкте ақша аударымын жібергені үшін комиссия болуы мүмкін екеніне назар аударуыңызды сұраймыз.
Картадан картаға ақша аударымы тек мобильді қосымшада қолжетімді болады. Сондай-ақ Сіз бұрынғыдай Kaspi.kz сайтында өз депозиттеріңіз бен карталарыңыздың арасында ақша аударымын жасай бересіз.
Мобильді қосымшаның және «Аударымдар» жаңа сервисінің арқасында Kaspi клиенттерінің өз қаржысын тікелей ұялы телефонының экранынан басқару мүмкіндіктері молая түсті!
Kaspi.kz инновациялық компаниясының қолдауымен өтеді.
...Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев