7 маусымда Kaspi Red бірден екі қалада: Қарағандыда және Өскеменде пайда болады.
Осы қалалардың әрқайсысында Kaspi Red клубының 100 аса серіктес дүкендері бар. Олардың ішінде Mon Amie, Marwin, LC Waikiki, DeFacto, Koton, Mango, Respect, Promod, Alser және көптеген басқалар сияқты танымал брендтер бар. Біз серіктестердің санында сүйікті брендтеріңіз барынша көбірек болуы үшін күн сайын жаңа дүкендерді қосып отырамыз. Зат сатып алуға барған кезде сөрелердегі қызыл «Red» жапсырмаларына назар аударыңыз: бұл осы жерде клубтық картамен төлеуге болады дегенді білдіреді.
Kaspi Red-пен жұмыс істеу өте оңай. Клубтың әр қатысушысы 50 000, 100 000 немесе 150 000 теңге мөлшеріндегі зат сатып алуға арналған үш лимиттің бірін таңдайды. Барлық зат 3 айға бөліп төлеуге, пайызсыз және артық төлемсіз сатып алынады. Сатып алынған әр заттың құны тең 3 төлемге бөлінеді. Олардың біреуі ай сайынғы шотқа қосылады, шот берілгеннен кейін 15 күннің ішінде оны төлеу керек. Шотты Kaspi Терминал арқылы немесе Kaspi.kz сайтында депозиттен, Kaspi Gold картасынан немесе Kaspi әмияннан төлеуге болады.
Kaspi Red клубының қатысушыларына сатып алынған әр зат үшін:
• 1 % бонус – әрдайым;
• 2 % бонус – егер жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асатын Kaspi Депозиттер болса;
• 3 % және одан жоғары бонус – Kaspi Бонус бағдарламасының акциялары бойынша есептеледі.
Одан басқа алғашқы айда Kaspi Red-пен 10 000 теңгеден көп ақшаға зат сатып алынған кезде, біз сыйлыққа 1 000 бонус береміз.
Kaspi Red клубы туралы толығырақ Kaspi.kz сайтының Red бөлімінен білуге болады: https://kaspi.kz/red .
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев