Купюра көгілдір түсте орындалған. Оң жақ бетінде «Қазақ елі» монументі, «тіршілік ағашы» - Есік қорғанынан табылған «Алтын адамның» бас киімінің фрагменті бейнеленген. Металдан жасалған голографиялық жолақта елорда көрінісі, ҚР президентінің факсимилесі және күннің мәнерлі бейнесі бар. Банкноттың екінші жағында голограмманың жеке элементтерінің түсі айтарлықтай өзгереді.
Spark® қорғаныш элементі Қазақстанның картасы түрінде орындалған. Банкнотты айналдырған кезде ол ашық жасыл түстен қою жасыл түске өзгереді. Картаның үстінде «МӘҢГІЛІК ЕЛ» деп жазылған, ал оның артында Іле Алатауының тау тізбегі тұр.
Сол жақ орта тұсында номиналдың цифрлық белгіленуі орналасқан. Оң жақ жоғарғы бұрышында эмитент банк — «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ», сондай-ақ «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген қолдан жасағаны үшін жауапкершілік көрсетілген.
Екінші бетінде көлденең суреттер басым. Негізгі элемент – ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті. Ол интаглио әдісімен (терең басып шығару) орындалған, сондықтан бейне рельефті және қолмен ұстағанда сезіледі. Артқы көріністе Қазақстан картасының контурының бетінде Астана қаласының ғимараттары бейнеленген. Қызыл сарғылт түсті үзік-үзік қорғаныш жібі банкнотты бұру бұрышына қарай түсін өзгертеді. Сол жақ төменгі бұрышында «Подделка банкнот преследуется по закону» деп орыс тілінде жазылған.
Жаңа банкнот — заңды төлем құралы. Басқа ақша белгілері сияқты онымен ақы төлеуге болады.
Алайда мынаған назар аударуыңызды сұраймыз: Kaspi Терминалдар жаңа банкнотты қабылдамайды.
Оның тиражы — барлығы 100 000 дана. Мұндай сирек кездесетін банкнотты ешкім уысынан шығарғысы келмейді деп ойлаймыз, сондықтан терминалдарды қайта баптамаймыз.
Егер терминал арқылы жаңа мерейтойлық банкнотты салу қажет болса, сіз Kaspi-дің кез келген бөлімшесінің кассасына бара аласыз. Сол жерде оны қабылдап, қажет болған жағдайда, терминал қабылдайтын басқа үлгідегі купюраға ауыстырып береді.
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев