Таңдауыңызға көмектесу үшін біз инфографикада қазақстандықтардың визасыз бара алатын және ұшып барған кезде виза ала алатын елдер тізімін жинадық.
Саяхатшының бюджетінің көп бөлігі әуе билетіне кететіні жасырын емес. Сондықтан да біз жол шығынын азайтуға көмектесетін бірнеше кеңес дайындадық.
Показать полностью…
1. Саяхатты алдын ала жоспарлаңыз.
Билетті қаншалықты ерте іздеп бастасаңыз, соншалықты үнемдеу мүмкіндігі бар. Сатып алу үшін оңтайлы мерзім – ұшуға дейін 2 ай бұрын.
2. Агрегатор сайттарды пайдаланыңыз.
Әуе билетін іздейтін сайттар рейстер туралы ақпаратты әртүрлі жүздеген әуе компанияларынан алады. Соның арқасында ең төмен бағамен билет табуға болады.
3. Арнайы ұсыныстарды қадағалаңыз.
Әуе компаниялары әрдайым сатылымдар мен арнайы акциялар өткізіп тұрады. Арзан билеттерді жіберіп алмас үшін әуе компанияларының және агрегаторлардың жаңалықтарына жазылыңыз.
Акция – бұл тиімді нәрсе. Мұндай билеттердің арнайы тарифтері болады: билет сомасы қайтарылмайды, толық қайтарылмайды, жүк салуға шектеулер және басқалары. Сондықтан сатып алар алдында талаптарын мұқият қарап алыңыз.
Kaspi chocotravel.com , tickets.kz , aviata.kz , aviabilet.kz , santufei.com . секілді Қазақстандағы ең танымал агрегаторлармен ынтымақтасып жұмыс істейді – осы сервистерде бронь қойылған билеттердің ақысын кез келген банк картасынан үйден шықпай-ақ Kaspi.kz сайтында және комиссиясыз бір-екі минутта төлей аласыз.
Ал егер сіз билет ақысын Kaspi Bank-тің депозитінен, Kaspi Gold картасынан немесе Несие Картасынан төлейтін болсаңыз, төлем жасау одан да тиімді бола түседі, өйткені сіз жұмсалған сомадан әрдайым 1 %, ал жалпы сомасы 1 млн теңге болатын Kaspi Депозиттері болған кезде 2 % бонус аласыз.
Маңызды: шетелге шығар алдында телефоныңыздың роуминг қызметіне қосылғанын тексеруді ұмытпаңыз. Өйткені Kaspi.kz-те төлем жасаған кезде және депозиттен Несие Картасына немесе Kaspi Gold картасына ақша аударған кезде операцияны растау үшін SMS-код енгізу қажет болады.
Саяхатыңыз жайлы болып, есте қаларлық әсер сыйласын!
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев