Сіз Kaspi Red-пен зат сатып алу лимитінің көбірек болғанын қаладыңыз, біз көбейттік.
Енді клубқа мүше болған кезде 50 000, 100 000 немесе 150 000 теңге мөлшеріндегі үш лимиттің бірін алуға болады.
Зат сатып алуға лимитті көбейткіңіз келсе, Kaspi.kz сайтының «Red» бөліміне кіріп, «Лимитті көбейту» сервисін таңдап, өтінім беріңіз. Банк өтінімді дәл бір минуттың ішінде онлайн қарайды. Ал мақұлдаған соң 5 минуттан кейін зат сатып алуға қолжетімді сома өзгереді де, сіз өзіңізге және жақындарыңызға жаңа нәрсе сатып алып, сыйлықпен қуанта аласыз. Лимитті 100 мың немесе 150 мың теңгеге дейін көбейтуге болады.
Kaspi Red-пен жасалған шопинг – бұл жанға жайлы әрі тиімді нәрсе. Өйткені клубтың қатысушылары Алматы қ. мен Астана қ. үздік дүкендерінен 3 айға бөліп төлеуге зат сатып алып қана қоймай, ол үшін Бонус та алады:
• бірінші айда 10 000 теңге сомасына зат сатып алғаны үшін сыйлыққа 1 000 Бонус
• сатып алынған зат сомасынан әрдайым 1 %
• 1 миллион теңгеден асатын Kaspi Депозиттер болған кезде 2 %.
Kaspi Red туралы толығырақ мына жерден білуге болады https://kaspi.kz/red Көңіл күйіңіз көтеріңкі, саудаңыз сәтті болсын!
Kaspi.kz инновациялық компаниясының қолдауымен өтеді.
...Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев